Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт Баян Алагөзоваға еліктейтін келіншектерді сынады

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт продюсер Баян Алагөзоваға еліктейтін келіншектерді сынады, деп хабарлайды «Бақыты әйел» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz.

Дана Нұржігіт сұхбатында Баянға еліктеген 4 баласы бар келіншектің күйеуімен ажыраспақ болғанын айтып қалды. Дәл осы жайт тележүргізушіні алаңдатқан екен.

«Таяуда ғана бір келіншекпен сөйлестім. Оның төрт баласы бар. Ол Баянның кітабын оқығанын, соны оқығаннан кейін өзіне қанат бітткенін айтты. “Сүріп жатқан өмірім өмір емес екен. Мен өзімнен жаңа күш таптым. Енді күйеуіме: «Ажырасамыз» деп айтатын шығармын», – дейді. Мен: “Баянның өмірі Баянның өмірі. Ал сенің өмірің басқа. Алды артыңа қара. Мүмкін күйеуіңе басқа көзбен қарап көрерсің», – дедім. Біреуге ақыл айту оңайдың оңайы. Алайда мен сол кезде  ойланып қалдым. Менің ойымша, жұлдыз болу – өз мойныңа алған жауапкершілікті. Себебі сенің сөзің – біреулер үшін соңғы әрі ең үлкен институт”,- дейді Дана Нұржігіт.

Десе де Баяннан үлгі алмауға шақырған Дана Нұржігіт продюсердің мықтылығы мен төзімділігіне қайран қалатынын жасырмады.

“Кейде адамдар Алланы ұмытып, өзі сияқты жүрген жұмыр басты пендені пайғамбар етіп, соның шындығын өзінің өміріне теледі. Ол дұрыс емес. Дара болу деген тіпті басқа дүние. Иә, Баян – дара адам. Оның өзінің қиындығы мен қасіреті, драмасы бар. Оны Instagram парақшасында қанша адам сөгеді. Қаншама адам түрлі пікір жазады. Кейде соның бәрін Баян қалай көтеріп жүр деп таңғаламын”,- дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Көптен көрінбей кеткен Жанар Дұғалованың жіп-жіңішке белі көпшілікті таңдай қақтырды(фото)

Лағудың да шегі бар шығар: Отандық журналист актер Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады

Мінезіміз жараспады: Луинаның азаматтық некедегі күйеуі әншімен айырылысқаны жөнінде пікір білдірді

10 жыл бұрынғы суретін жариялаған Төреғали Төреәлі жұрттың сынына ұшырады

Талқылау