Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Кентай: Түркістанда қыздарға жігіттерге бірінші қоңырау шалуға тыйым салады

Дана Кентай түркістандықтардан алған ерекше тәрбиесі туралы айтып жұртты күлдірді. Әншінің өзі Қызылордада дүниеге келгенімен, балалық шағы Түркістанда өткен екен.

19985117_819661678185705_7708000883543375872_n

Сурет: Дана Кентайдың жеке парақшасынан

Бұл туралы “Қызық Times” бағдарламасында айтылды.

“Көптен күткен жігітің қоңырау шалған кезде, телефоның сөніп қалатын кездер болады. Мұндай жағдай қыздардың басында көп болатын сияқты. Өйткені, қыз бала болған соң, ол адамға бірінші телефон шала алмайсың. Қайтіп қоңырау шалса екен деп күтіп жүресің. Біздің Түркістанда қыздар бірінші қоңырау соқпаулары керек деп үйретеді”, – дейді Дана Кентай.

Бағдарлама жүргізушісі Еркебұлан Мырзабек “Енді барлығын Түркістанға жабайын дедің бе? Нақты қай жерде, кімнің мұндай тәрбие бергенін айтшы” деп әншіні ұялтып тастады. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде Дана Кентайдың бұл әрекетін қоштайтындарын жеткізді.

“Дұрыс айтасыз! Біздің батыста да дәл солай”, “Жерлес болсақ та, мұндайды бұрын естімеген екенмін”, “Меніңше, мұндай тәрбиені кез келген отбасы береді”, “Оңтүстіктің тәрбиесі дәл осындай қатал”, “Иә, бірінші қадамды қыз бала емес, ұл бала жасауы керек қой. Жарайсыз, Дана” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті

Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)

Жолдыбаева анасын құттықтау үшін Маңғыстауға Алматыдан торт алып барды

Алуа Қонарова: “Эксперттердің” айтуынша, 17 жыл плагиатпен айналыссыппын

Талқылау