Damumed айналасындағы жанжал әлі бітпеді: Министрлік қандай шара қабылдап жатыр
Қазақстандықтар Damumed қосымшасында тағы да олқылықтар пайда болғаны туралы жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният түсініктеме берді. Қазір тұтас медициналық цифрлық жүйе жасалып жатқан көрінеді. Барлығы жолға келмейінше, кейбір олқылықтар болып тұратынын айтты вице-министр.
"Қазір цифрландыруға байланысты барлық медициналық ұйымдарды өңірлік денсаулық сақтау басқармалары жергілікті ақпараттық жүйеге енгізіп жатыр. Соның ішінде Damumed-те бар. Біз бұл жүйелерді жетілдіріп, стандарттаймыз. Жеке медициналық ақпараттық желілерге қатысты жазаны қатаңдату жоспарланып отыр", - дейі Ажар Ғиният.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”