Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамир Исмағұлов Ресейдің ең үздік жауынгерімен жұдырықтасады

UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) 70 келідегі Ресейдің ең үздік жауынгері саналатын Эдуард Вартанянға (25-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

исмагулов

Фото: Дамир Исмағұловтың Instagram парақшасынан

UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов келесі жекпе-жегін ресейлік “Наше Дело” тұжырымында өткізеді. Отандасымыз жеңіл салмақтағы (70кг) Ресейдің ең үздік спортшысы саналатын Эдуард Вартанянға қарсы К1 ережесі бойынша жұдырықтасады.

Спортшылар 70 келі салмақ дәрежесінде 3 минуттан 3 раундтық жекпе-жек өткізеді. Турнир 2 наурыз күні Мәскеу қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Эдуард Вартанян АСА тұжырымының гран-при турнирінде отандасымыз Артем Резниковті жеңіп, чемпиондық белбеудің иегері атанған еді.

Талқылау