Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәмі макарон сияқты": Астана тұрғыны жауын құрттарымен қоректенеді

Елордада жауын құрттарын тірідей жегенді жақсы көретін адам табылды. Ол жәндікті тек пайдалы болғаны үшін емес, дәмі ұнағандықтан жейтінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап.

Түсірілімнен скриншот

Яна Мазуренко құрттың дәмі макарон сияқты екенін айтты.

"Дәмі шамалы піскен макарон сияқты. Шайнаған кезде дәмі жақсы, себебі қабығы қытырлақ, ал іші жұмсақ, мармелад сияқты”, – дейді тұрғын.

23 жастағы қыз 8-сыныптан бастап жауын құрттарымен коректенеді. Өз бақшасынан омыртқасыз жәндіктерді таңдап жегенді ұнатады екен.

"Жазда бақшадан қазып алатынмын, қазір оларды сатып алуға, сайттан іздеуге тура келеді. Қыста бағасы өседі, шынымды айтсам, бұл өте қымбат", – дейді құртсүйгіш қыз.

Қызға 24 құрт жеткілікті. 

Дәрігерлер мұның ағзаға қандай әсері бар екенін айтты. 

"Құрттарды жеп, адам паразит жұқтыруы мүмкін. Денесіне паразиттер еніп, өмір сүруі, ағзаға теріс әсер етіп, күйзеліске ұшырауы ықтимал”, – деді гастроэнтролог Гүлмира Думык.

Тағы бір кейіпкер тау жыныстарын, топырақ, саз, бор жейтінін айтты.

"Дәмі әк сияқты. Әк иіскеп, соны жеп жатқан сияқтымын. Сондай балғын. Жаңа ғана боялған сынды. Өте дәмді", – деді Әсия Әубәкірова.

Мектепте ол бор жеген. Кейінірек табиғи, химиялық қоспаларсыз, дәмді бор болатынын болатынын білген. Бордан басқа жеуге топырақ пен сазды да жеуге болады дейді. Әрі оның түрлі ассортименті бар. Екі жүзден астам түрі сатылады.

"Тауарды Ресейден, Украинадан сатып аламыз. Қазақстанда да бор карьерлері бар. Мысалы, “Наполеон” тортына ұқсайды. Бұл өте дәмді. Сонымен қатар Орал сазы сұранысқа ие", – деді бор, саз және гурман топырағын сатушы Ақжан Қабиден.

Ақжан бор, саз сатумен екі жылдан бері айналысады. Клиенттер жеткілікті дейді. Психологтер мен диетологтар мұны пикацизм, яғни құмарлықты тамақтану тәртібінің бұзылысы деді.

"Саз немесе борға тәуелділік бұл адам ағзасында бір нәрсе жетіспейтіндігін білдіреді. Ағзада микроэлементтер жеткіліксіз”, – деді гастроэнтролог.

Гүлмира Думык адам ағзасын токсиндерден қорғау  маңызды дейді. Сол себепті бор мен саз пайдалы болуы мүмкін. Бірақ оларды таза күйінде жемеген жөн. Өйткені денеде ауыр металл тұздарын қалу қаупі бар. Одан гөрі құрамында бор немесе саз бар пайдалы витаминдер жиынтығын немесе дәрі-дәрмектер тұтыну қажет. 

Талқылау