"Дала шприцке, дәрі-дәрмектің түр-түріне толы": Қарағандыда тұрғын медициналық қалдықтарды өңдейтін зауыт жұмысына наразы
Қарағандыда медициналық қалдықтарды өңдейтін зауыттың аса қауіпті қалдықтарды жоюға лицензиясы жоқ болып шықты. Салдарынан шприц, дәрі-дәрмек қалдықтары мен түрлі қолданылған медициналық жабдықтар далаға шашылып, экологияны ластауда. Тұрғын осы мәселеге байланысты шара қолдануды сұрауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды қаласының тұрғыны Мұрат Күдеринов осы мәселеге байланысты Экология департаментіне кемінде төрт, министрлікке бір өтініш жазған. Содан кейін ғана экологтар тексеруге келген. Тұрғынның айтуынша мұнда тексерістен кейін де айтарлықтай шара қолданылмаған. Шприц, инелер, қаны бар пробиркалар, дәке таңғыштар мен шыны бөтелкелер салынған қоқыс далаға жай ғана тегістеп тастаған. Ал тазалау жабдықтары әлі орнатылмаған. Зауыттың аса қауіпті қалдықтарды жоюға лицензиясы да жоқ болып шықты.
"Олжас" ЖШС төңірегіндегі бүкіл дала шприцке, ампулаға және басқа да дәрі-дәрмектің түр-түріне толы", - дейді қоғам қайраткері.
Тұрғынның айтуынша ауыт салыстырмалы түрде адамдар тұрмайтын аймақта орналасқан. Бәлкім сол үшін де басылық әрекет етпей отыруы мүмкін. Дегенмен бұл зауыт қоршаған ортаны ластағаны үшін миллиондаған теңге төлеуі керек. Бірақ әлі сотпен расталмаған айыппұл мөлшері небәрі 310 мың теңгені құрайды екен.
"Департамент Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоспардан тыс тексеру барысында анықталған бұзушылықтар толық жойылғанға дейін аталған кәсіпорынның қызметін тоқтату туралы талап арызын жолдады", - деді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Ботагөз Сағатаева.