Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ жетекшісінің мерт болғанын мәлімдеді

ДАИШ террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өзінің көшбасшысы Әбу Хасан әл-Хашими Әл-Құрашидің мерт болғанын мәлімдеп, жаңа басшыны сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alarabiya news сайтына сілтеме жасап.

ДАИШ

Топ өкілі басшының көз жұмған күнін де, мән-жайларын да көрсетпестен, "Құдайдың жауларына қарсы шайқаста" өлтірілгенін айтты.

ДАИШ баспасөз хатшысы ұйымның жаңа көшбасшысын атады. Енді ұйымды Әбу әл-Хусейн әл-Хусейни Әл-Кураши басқарады.

Топтың алдыңғы жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Кураши 2022 жылдың ақпанында Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясындағы АҚШ шабуылы кезінде өлтірілді.

Талқылау