Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ 8 елге теракт жасайтынын мәлімдеді

ДАИШ террористік ұйымы кезекті рет бірнеше елде теракт жасайтындықтары туралы мәлімдеме жасады. Хабарлама ағылшын тілінде Ресей, Бельгия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Италия елдерінің «мұсылмандарына» бағытталған.

1

Террористер, әсіресе, осы елдердегі «бауырларына» «базар, халық көп жүретін көшелер мен алаңдардан аулақ жүруді» ескертеді. Осы орындарда «жиһадшылар» өзгелерге шабуыл жасайды. Сарапшылар содырлардың бұл үндеуіне алаңдаушылық білдірді, деп жазады muslim.kz.

Қазір, халықаралық терроризмге қарсы күрес саласының бельгиялық сарапшысы Питер ван Остайеннің айтуынша, аталмыш хабарламаны Бельгияның Қауіп-қатерге талдау басқармасы зерттеп үстінде. Ал, террористердің «қамқорлық танытып, сақтандырған» мұсылмандары ең бірінші кезекте терроризмнің және ДАИШ ұйымының құрбаны болып келеді.

Мұсылман халқы террорлық іс-әрекеттер мен халықаралық террористік топтар туралы өз мәлімдемелерін бүгінгі күнге дейін жасап келеді. Мәселен, жуырда Еуропада терроризмге қарсы ауқымды шеру өтті. Шарада жүздеген мұсылман дін қайраткерлері қатысып, экстремизм мен терроризмді қатаң айыптады.

Тағы да оқыңыз:

ЭКСПО-да белгісіз ер адам Түркіменстан президентіне тұра ұмтылды (видео)

Қарыз болған күнді 60 күн өтеу: Оразадағы кәффарат деген не?

Маңғыстауда акушер жол бойындағы дәмханада жүкті әйелді босандырып алды

Талқылау