Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әткеншек тепкен қыздар құздан ұшып кетті (видео)

Дағыстандағы Сулақ шатқалында әткеншек теппек болған қыздар құздан ұшып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА "Дағыстанға” сілтеме жасап. 

әткеншек

Бойжеткендер шатқалдың шетіндегі әткеншекте отырған. Біраз уақыттан кейін әткеншектің шынжырлары үзіліп, олар құзға құлап кетеді. Абырой болғанда, қыздар ауыр жарақат алмапты. 

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қауіпті әткеншекті пайдалануға шектеу қойылған. Алдағы уақытта оны бұзу жоспарлануда.  

Қазіргі таңда оқыс оқиға бойынша тексеру жүргізілуде. 

 

Дидар Халық
Сейсенбі, 13 Шілде, 2021 08:27
Талқылау