Дабылды жер сілкінісі басталмай тұрып қосуға бола ма: ТЖМ маманы жауап берді
Дабылды жер сілкінісі басталмай тұрып бірнеше секунд бұрын қосуға бола ма деген сұраққа ТЖМ Төтенше жағдайдарды алдын алу департаментінің бастығы Амрин Рустамбек жауап берді. Сөзінше, дабылдың уақытылы қосылуы маңызды мәселе, дегенмен оны адамдарға жеткізудің өзінде кедергілер бар.
Департамент бастығының сөзінше, дабылды естуге кедергі келтіретін элементтер бар.
“Ең алдымен бұл адамдарды назар салуға шақыратын белгі екенін атап өткен жөн. Бірақ адамдар кейде естімей қалады: демалып жатады, музыка шығып тұрады. Басқа да элменттер, яғни естуіне кедергі келтіреді.
Бұдан бөлек, жалпы тәжірибеде телерадиоарналардың сигналын тартып әкету, SMS арқылы хабарлау элементтері қолданылды. SMS хабарлама бірден келмейді, арнайы интервал бар. Жалпы SMS хабарлама физикалық түрде жетеді. Мысалы, cекундына 4000 хабарлама барады, яғни 2 млн адамға хат жетуі оңай емес. Түсіністікпен қарау керек. Дей тұрғанмен, бұдан бас тартпаймыз. Қазір ТЖД мен әкімдіктер пуш-хабарламалар жасауды қолға алып жатыр. Алматы бұл жөнінен алда келеді. Алдағы уақытта жоспарлап отырмыз”, – деді ол.
- "Бірінші саман кірпіш пен тастан салынған нысандар қирайды": Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді
- 2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Сөзінше, азаматтарды хабарлау жер сілкінісі болған аумаққа, яғни ошағына байланысты.
“Жедел хабарлау станциялары туралы айтсақ, қаңтарда болған оқиғағада эпицентр шамамен 300 шақырым жерде болды. Бұл толқынның бізге жетуі 20-30 секундқа тең. Бүгінгі жағдайда 30 шақырым жерде болды. Құралдар істеді, операторлар хабарламаны алды, сейсмологтар ақпаратты өңдеді. Содан соң операторлар елге хабарлау жұмысын бастады”, – дейді ол.
Айта кетейік, 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Ақпаратқа сәйкес Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл болған