Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дабыл қағатын жағдай": Жануарларға еліктеп, жаңа трендке ілесу балалардың психикасына қаншалықты әсер етеді

Квадробика, яғни жануарлардың кейпінде еңбектеп жүру, олардың даусын салу – Қазақстанның мегаполистерінде балалар арасында белең алған жаңа тренд. Сырттай зияны жоқ болып көрінгенімен, психологтар мұның бала психологиясына кері әсері барын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Жануарлардың бетпердесін киіп, құйрық жабыстырып алған жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Олар дәл хайуандардың кейпінде секіріп ойнап, жерде аунайды. 

Бұл тұста жастардың ойы екіге бөлінді. Бірі ешкімге зияны тимесе жасөспірімдерді квадробикадан шектеудің қажеті жоқ дейді. Екіншісі бұл трендтің тым ерсі екенін айтып, құптамайтынын жеткізді. 

Ал психолог маман квадроберлердің іс-әрекеті қалыпты дүние емес екенін айтты. 

“Адамның өзін ит кейпінде идентификациялауы ақылға қонымсыз нәрсе. Бірақ балалар арасында бұл тренд кеңінен тарады. Дабыл қағу керек. Себебі бұл нәрсе баланың психикасында жеке тұлғалық идентификация қалыптасқан кезде әсер етеді. Себебі бала өзін қыз немесе ұл ретінде, тұлға ретінде көруі керек. Егер ол өзін адам ретінде емес, ит кейпінде көрсетсе, “Мәселе неден туындады?” деген сауалға жауап іздеп, неге ол ит кейпіндегі әлемге түскенін түсіндіруіміз керек. Кей балаларға қысым көрсету арқылы тыю нәтижелі болып жатады. Ал басқаларына бұл психикалық жарақат салуы мүмкін. Бірақ бұл жерде балаға жай сөзбен түсіндіру қажет. Баланың деңгейіне түсіп, оның ішіндегі негізгі қажеттілігін анықтай аламыз”, – дейді психолог.

Маманның айтуынша, бала мұндай нәрсеге жайдан-жай бармайды. 

“Баланың психикасы үнемі жағдайдың өзіне пайдалы екінші жағын іздеп отырады. Бала өзін ит кейпінде көрсетсе “мені сол әлемде көреді, мені сол әлемде тыңдай алады, мен сол жақта маңыздымын” деп сол әлемге кетіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ балаға ешкім көңіл аудармаса, сөйлеспесе сол әлемге кетуге бейім болады. Бұл жағдай өте қорқынышты. Ата-аналар дабыл қағаты жағдай. Балалар болып жатқан жағдайлардың жақсы не жаманын ажырата алмайды. Ата-аналарға бала жеткіншек жасқа жеткенше телефон ұстатпауға кеңес беремін”, – дейді психолог Әсем Ілесбай.

@4mbercat life isn't all it seems. 🐾 [ #therian #quadrobics #alterhuman #4mberkat #cat #fyp ♬ som original - ravllynn 🧿

 

Талқылау