Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

D дәрумені жетіспеген ағзаға қандай қауіп төнетіні анықталды

D дәруменінің жетіспеушілігін білдіретін белгі сүйектердің "жұмсаруы", осы орайда түнде ауырсыну байқалуы әбден мүмкін. Бұл туралы британ дәрігерлерінің зерттеулеріне сүйеніп, Expres басылымы жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бастапқы кезеңдерде ауру ешқандай белгілерсіз білінуі мүмкін. Оны тек рентген мен диагностикалық тексерістер анықтай алады. Дәрумен жетіспеген кезде жамбас тұс, бел, аяқ, қабырғада ауырсыну байқалады.

Ауырсыну түнгі уақытта және сүйекті басқанда күшейеді. Мамандар мұндай ауру үлкен кісілер үшін қауіпті екенін айтады. Дәруменнің жеткіліксіздігін алдын алу үшін күнделікті қабылдау керек. Оны дұрыс қолдану сүйекті қатайтады. Оның ағзадағы мөлшерін қадағалап отырған жөн, себебі дәрумен иммнудық жүйені көтеріп отырады. 

D дәрументі - биологиялық белсенді заттар тобы. Оның негізгі мақсаты каш ішектегі тамақтан кальции мен фосфорды шығару болып табылады. 

Бірқатар клиникалық зерттеулерге сәйкес, бұл дәруменнің балалар ағзасындағы созылмалы жетіспеушілігі түрлі ауруларды қоздыруы мүмкін: қант диабеті, салмақ қосу, окнологиялық ауру, жүрек-қан тамыр ауралары, ішектің қабыну аурулары. 

STAN.KZ
Жұма, 27 Қараша, 2020 14:40
Талқылау