Цукерберг Рим Колизейінде Маскпен жекпе-жек өткізуден бас тартты
Миллиардер Илон Маск Meta корпорациясының басшысы Марк Цукербергтің Рим Колизейінде жекпе-жек өткізуден бас тартқанын айтты. Бұл туралы ол X (Twitter) әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Масктың айтуынша, барлығы оның әлеуметтік желідегі әзілінен басталған.
Fight Recap:
— Elon Musk (@elonmusk) August 15, 2023
I joked on X about fighting Zuck
Zuck then said “SEND ME LOCATION”
Italy graciously offered a Colosseum
Zuck declined
I suggested his home as “safe space”
Tragically, he was ahem “traveling”
Is there anywhere he will fight?
https://t.co/gpcRLW49fv
Цукерберг: "Жекпе жек өткізетін жерді атаңыз" - деп жауап берді.
Мен Италияның Колизейді ұсынғанын айтып едім, бас тартты деді миллиардер.
Осыдан кейін Маск Цукербергтің жекпе-жекті өз үйінде өткізуді ұсынғанын жеткізді.
Бұған дейін Италияның Мәдениет министрлігі Илон Маскпен келіссөздер жүргізіп жатқанын растаған болатын. Бұл ретте Италияның Мәдениет министрі Дженнаро Санжулиано жекпе-жек өткізуге ұсынылған орын Римде болмағанын нақтылады.