Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін түсіндірді

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 ақпанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Уой айтып берді.

"Шекара маңы аудандарында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 2021 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне бірқатар жеңілдіктер енгізілді", - дейді Цой. 

ҚР азаматтары үшін, сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін де шекараны кесіп өту жиілігі 3 есеге (90 тәулікте 1 реттен 30 тәулікте 1 ретке дейін) ұлғайтылды.

"Ерекше жағдайларда: емделуге, оқуға бару, қызметпен, отбасы мүшелерін жерлеуге, отбасындағы жағдайы ауыр науқасқа күтім жасау, жолаушы тасымалы, халықаралық тасымал үшін шектеу жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келген (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) мемлекеттерге шетелдіктердің шығуына, Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне/аумағы арқылы транзитпен өтуіне рұқсат етіледі", - дейді Цой. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр