Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай оптимистік сценарий бойынша дамып келеді

Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта республикада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы байқалуда, республика "сары" аймақтан "жасылға" көшті. Қазақстан 6 маусымнан бастап "жасыл" аймақта. Коронавирустың таралуы оптимистік сценарий бойынша дамып келеді", - деді Цой сейсенбіде үкімет отырысында.

Оның айтуынша, соңғы бір айда емделіп жатқан науқастардың саны 20 мыңға азайған.

"Өңірлерде коронавирустық инфекция жұқтырғандардығ және ауруханаға жатқызылғандардың саны азайған. Мысалы, Нұр-Сұлтанда 330 төсектік төрт аурухана, Алматыда екі мыңнан астам төсек-орынға арналған 11 аурухана жабылды", - деп толықтырды министр.

Цойдың айтуынша, өткен аптада COVID-19 жұқтырғандар саны 11 мыңнан 8 мыңға дейін немесе өткен аптаға қарағанда 1,3 есеге азайды. Мамыр айының басынан бастап аурушаңдық 2,1 есеге төмендеді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 10 Маусым, 2021 08:32
Талқылау