COVID-тен кейін иіс сезу қабілетін қалай қалпына келтіруге болады? Маман жауап берді

Коронавируспен ауырған кейбір қазақстандықтар иіс сезу қабілетіндегі проблемаларға шағымданып жатыр. Иіс сезімі қайта оралған, бірақ сүйікті тағамдарынан қазір жағымсыз иіс сезеді немесе дәмін сезбейді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

иіс

Ақбота Малдыбаева бір айдан астам уақыттан бері түсініксіз күйде жүр. Ол барлық жейтін нәрседен бензин мен тұрып қалған пияздың иісі шығатынын айтты. Тамақтану процессі қыз үшін қиындық тудыра бастаған. 

Маусым айында Ақбота иіс және дәм сезбей қалған, бірақ бір айдан кейін бәрі қалпына келді. Бірақ қазан айында түсініксіз иістер қосылған. Өз бетінше ақпарат іздемек болған қыз ғаламторды ақтарып, жауап болар ешнәрсе таппаған. Есесіне өзі сияқты адамдардың көп екенін білген. 

Қызға дәрігерлер де көмектесе алмаған. Нәтижесінде, Ақбота сүйікті тағамдарының бір бөлігінен бас тартқан. 

"Бастапқыда тек тамаққа болды, кейін шеңбер кеңейді. Сабындардың иісі өзгерді. Тіпті, көшеден кетіп бара жатсам, бірден сол иіс шығады. Құсқың келеді. Қазір пияз бен етті мүлдем жей алмаймын", - деді Ақбота Малдыбаева.

Арна тілшілері бағдарламаның ресми парақшасында арнайы сауалнама ұйымдастырып, ұқсас жағдайға тап болған адамдарға "Сезім қабілеті қашан қайта оралды" және "ол толық қалпына келді ме" деген сұрақ қойды. Белгілі болғандай, адамдардың басым бөлігіне сезу қабілеті 1 айдан кейін оралған, біраз уақыт өтсе де ауытқушылықтар кездеседі.

Медицина ғылымдырының профессоры Алмаз Шарман әдетте ауырғандардың 90 пайызына сезу қабілеті 1 айдан кейін оралатынын айтты. Тек кейбір адамдарда ол ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл мұрын аймағындағы жасушалардың зақымдануына байланысты. 

"Ұзақ уақытқа созылатын ауытқушылақтармен байланысты, яғни, жүйкенің өзі емес, оны қоректендіретін нәрселер. Нақты дәрі жоқ. Әзірге дәрігерлер сезу қабілетін жаттықтыруды ғана ұсынады. Мәселен, таныс иісті, лимон немесе гүлді алып, иіскейді. Олар осы иісті қабылдауға ұмтылады", - деді Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.

Демек, жағымсыз иістен арылу үшін уақыт пен жаттығу керек. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр