Covid-19 кесірінен жетім қалған: Нұр-Сұлтан әкімі бауырларын қамқорлығына алған 19 жастағы қызға көмектесетін болды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кәмелетке толмаған бауырларын қамқорлығына алуға мәжбүр болған 19 жастағы Дильнас Шәріпбаевамен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балалардың әкелері 2007 жылы жедел қан айналымы және жүрек жіткіліксіздігі салдарынан, аналары 2020 жылы 8 шілдеде COVID-19 қайтыс болған. Ал 5 тамызда 28 жастағы үлкен ағасы көз жұмды. Қазір балалар толық жетімдер қатарына қосылып, қамқоршысыз қалған. 

19 жастағы қыз мектеп жасындағы екі інісі мен колледжде оқитын сіңілісін қамқорлығына алып, ерлік танытты. Қазір ару 12, 14, 16 жастағы іні-сіңілін қарап отыр. 

Бір айда екі жақын адамынан айырылған Дильнас өмірден қатты соққы алғанын айтады.

"Әкімдік Дильнас пен оның сіңлісі оқитын колледждің оқу ақысын төлеп береді. Ағайынды мектеп оқушылары жалпыға бірдей білім беру қоры - қашықтықтан оқытуға арналған оқу құралдары, компьютерлер мен маршрутизаторлар сатып алуға сертификаттар алады", - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, әкімдік уақытша баспана алуға көмек көрсетпек. 

"Дильнас Шәріпбаеваға тұрақты жұмыс беріледі. Әкімдік тарапынан тұрақты түрде көмек көрсетілетін болады", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Дильнас осыған дейін тұрақты жұмыс тауып, баспана кезегіне тұруға тырысқан. Алайда, қыздың қолынан келмеген. Қазір қамқоршыларынан айырылған отбасы пәтер жалдап тұрады. Бірақ 19 жастағы қыздың жалақысы балаларды қамтамасыз етіп, пәтер ақысын төлеуге жетпейді. Ару тіпті ипотекаға несие ала алмайтынын айтып өкініш білдірген.

Осылайша Дильнас қайырымды халықтан көмек сұраған. Қазір қыздың мәселесін елорда әкімдігі өз бақылауына алды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр