Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"COVID-19-ға қарсы вакциналар адамзатты жояды": Қазақстандықтар жаңа қауесетті талқылауда

Қазақстандықтар желіде COVID-19-ға қарсы вакциналар бүкіл адамзатты жоюы мүмкін деген теорияны талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олардың сөзінше, вакцинацияланған адамдар екпе жасатпағандарға мутацияланған вирусты жұқтырып, планетаның бүкіл халқы өледі.

Stopfake.kz журналистері бұл қауесеттің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады.



"Бұл теория доктор Ванден Босшенің ашық хатына негізделген. Онда COVID-19 қарсы вакциналар жер халқын құртуы мүмкін екендігі туралы зерттеулер немесе ғылыми дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, мамандар доктор Босшенің ашық хаты мен 1998 жылы қызылшаға қарсы вакцинаның аутизмнің дамуына әсерін зерттеуді бұрмалаған бұрынғы дәрігер Эндрю Уэйкфилдтің теориясына ұқсас екендігін атап өтті.

Босше "иммундық қамшу" туралы жазады – бұл адамның иммундық жүйесі вирусты немесе патогенді танып, жоя алмайтын құбылыс. Кейде вакцинация нәтижесінде иммундық қашу байқалады. Бұл мәселені шешу үшін вирустар мен қоздырғыштардың көптеген штамдарынан бірден қорғайтын полисахаридті вакциналар әзірленді", - деп жазды Stopfake.kz.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Наурыз, 2021 14:19
Талқылау