Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Covid-19-дың екінші толқыны "жас және сау адамдар" үшін қауіпті болады

Корольдік медицина қоғамының президенті, профессор Роджер Кирби қыста өршитін коронавирустың толқыны "жас және сауадамдар" үшін ең қауіпті болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Оның пікірінше, екінші толқын біріншісінен мүлдем өзгеше болады.

Сарапшы 1918 жылғы испан тұмауының эпидемиясын мысалға келтірді, ол соңғы кезеңдерде жастарға әсер еткен.

"Қыс келе жатыр, COVID-19 екінші толқыны келуі әбден мүмкін", - деді ол BBC Radio 4 бағдарламасында. 

Коронавирустың бірінші толқыны негізінен қарт адамдар мен медициналық жағдайы нашар адамдарға әсер етті. Пандемия бойынша сарапшылар COVID-19-дың екінші толқында мутацияға ұшырауы мүмкін деп қорқады.

"1918 жылы біз вирустың мутацияланғанын және жастар үшін ең қауіпті болғанын көрдік", - дейді Кирби.

Испан тұмауы балалар мен қарттар үшін қауіпті болды, зерттеушілер өлім сызығын "U қисығы" деп атады. Бірақ екінші толқында ол "W қисық сызығына" айналды -  дені сау отыз жастағы адамдарда өлім-жітімнің өсуі болды, деп жазды Mirror Online. 

Испан тұмауының пандемиясы 1919 жылдың жазында аяқталды. Ол кезде вирус жұқтырғандардың не өлді, не оған қарсы иммунитет қалыптастырды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Шілде, 2020 18:33
Талқылау