COVID-19-дан көз жұмған дәрігерлер отбасыларына 10 млн теңгеден берілді
COVID-19-ға қарсы күресте көз жұмған барлық 182 медицина қызметкерінің туыстары Мемлекеттік әлеуметтік қауіпсіздік қоры (МӘСҚ)-тан 10 млн теңге көлемінде ақшалай өтемақы алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жоғарыда аталған төлемге құқығы бар медициналық қызметкерлерді облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының жанындағы арнайы комиссиялар науқас медициналық қызметкерлердің тексеру нәтижелері бойынша анықтайды. Өтінімдердің жалпы жиынтығын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қалыптастырады, содан кейін өтінімдер ісінің электрондық макетін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жіберіледі, содан кейін олар төлемдер тағайындау үшін МҚҚҚ-қа жіберіледі.
12 қазан күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру бойынша 5 334 өтінім және көз жұмғандар бойынша 182 өтінім негізіде қаражат тағайындауды және төлеуді жүзеге асырды. Осылайша, COVID-19-ға қарсы күресте көз жұмған барлық медицина қызметкерінің туыстары төлем алды, - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Өңірлер бойынша COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда ең көп төлем Нұр-сұлтан (1027) және Алматы (560) қалаларының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан (480), Атырау (465) және Қарағанды (409) облыстарының медицина қызметкерлеріне төленді.