Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-дан болатын өлім-жітім 30 пайызға төмендеді - Зерттеу

Зерттеушілер COVID-19-дан болатын өлім 2020 жылдың сәуірінен бастап үштен бірге азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вашингтон Университетінің денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (IHME) ғалымдарының айтуынша, АҚШ-та коронавирус пандемиясы басталған кезде 0,9 пайыз адам көз жұмса, қазір ол 0,6 пайызға азайды. 1 наурызда АҚШ-та өлім саны 439 000-ға жетті, ал күнделікті өлімнің шыңы 2200 болды.

Институт директоры, доктор Кристофер Мюррей әр түрлі жас санаттарын ескере отырып, 300-ден астам зерттеулердің көрсеткіштерін талдау 2020 жылдың сәуірінен бастап өлім-жітімнің 30 пайызға төмендегенін айтты. Оның сөзінше, статистика дәрігерлер пациенттерді күтудің тиімді әдістерін ойлап тапқанын көрсетті, соның ішінде жалпы стероидты дексаметазон, қан сұйылтқыштар және оттегін қолдау сияқты тиімді терапия әдістерін қолданды.

Ғалымдар тобы инфекциядан болатын өлім-жітім уақыт өте келе өзгеріп, наурыз-сәуір айларында пандемияның алғашқы толқынынан күніне шамамен 0,19 пайызға төмендегенін атап өтті.

STAN.KZ
Жұма, 13 Қараша, 2020 11:28
Талқылау