Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19 бен пневмониядан кейінгі оңалтуды қайдан өтуге болады?

Мамандар короновирус жұқтырғандар міндетті түрде ағзаның басқа ауруларға төтеп беруі үшін оңалтудан өткені абзал дейді. Оны үй жағдайында өткен дұрыс па, әлде арнайы кешенде ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің баспасөз қызметімен бірігіп, зерттеу жүргізіп көрді. 

Оқжетпес

"Оқжетпес" шипажайының оңалту бөлімінің меңгерушісі Любовь Коноплеваның айтуы бойынша, вирустық пневмониядан кейінгі қалпына келтірудің ең аз уақыты үш ай. 

"Егер емделуші пневмонияның ауыр түрімен ауырып, өкпені жасанды желдету аппаратында болса, онда қалпына келтіру кезеңі бір жылға дейін созылуы мүмкін. Үй жағдайындағы оңалтуды тыныс алу жаттығуларымен бастау керек. Ол микроциркуляцияны жақсартуға және өкпе тінінің серпімділігін қалпына келтіруге көмектеседі.

Екінші, витаминге мол тамақтану мен таза ауада жиі серуендеуден бөлек, емдік массаж жақсы көмек көрсете алады. Өкпенің дренаждық функциясын жақсарту үшін кеудеге жеңіл, дірілдейтін массажды үй жағдайында жасауға болады. Бұл өкпедегі тоқыраудың алдын алу. Алғашқы үш айда ыстық ванна мен саунаға түспеген дұрыс. Жалпы пневмониядан кейін су процедураларына шектеу қойған дұрыс", - дейді оңалту бөлімінің меңгерушісі.

Дегенмен мамандар вирустан кейінгі оңалтуды арнайы кешендер мен шипажайда өтуге кеңес береді. Себебі жақында ғана вирусты жеңген ағзаның қалпына келіп, басқа да ауруларға төтеп беруі үшін қосымша қолдау мен арнайы мамандардың бақылауы керек. 

Мәселен, Бурабай курорттық аймағында орналасқан "Оқжетпес" шипажайы өткен жылдың тамыз айынан бастап, Covid-19 бен пневмониядан ауырып тұрғандарға арналған 10-14 күндік арнайы медициналық оңалту бағдарламасын іске қосты. 

Шипажайдағы оңалту әр қонақтың жағдайын ескере отырып, арнайы мәзір құрып, қымызбен емдеу, қарағайлы ормандағы серуен, скандинавиялық жаяу жүру, минералды емдік суы, ингаляция, емдік гимнастика, тұзды шахта, фитобар, тыныс алу жаттығулары мен арнайы емшаралар арқылы жүзеге асады. 

Таңертең ұйқыдан тұрып, тыныс алу жаттығуларымен күнді бастап, әр процедурада шипажайдың табиғи емдік факторлары кеңінен қолданылады. Олар: "Май-балық" көлінің минералды суы, "Балпаш-Сор" көлінің емдік балшығы, қымыз терапиясы, радон суы, "Құлагер-Арасан" минералды ауыз суы. 

Оңалтуға жіберілмес бұрын тексеруден өтіп, дәл сіздің ағзаңызға қажетті емшаралар тағайындалады. Терапевт, отоларинголог, диетолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, зертханашы, сонымен қатар қажет болған жағдайда басқа мамандармен кеңесуге мүмкіндік бар. 

Дегенмен бағдарлама аяқталғаннан кейін де, денеңізді жылы ұстап, адамдар көп шоғырланған жерден аулақ болғаныңыз жөн.  

 

Талқылау