Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COViD-19 вирусын жұқтырғандарды қарау кезінде маска берілмеген соң медбике көз жұмды

33 жастағы Даниэль Диценсо пандемия кезінде АҚШ-тағы Флорида қаласында медбике болып жұмыс істеген. Медбике коронавирус жұқтырған адаммен байланысуға мәжбүр болған. Алайда, оның күйеуі Дэвидтің айтуынша, оған медициналық мекемеде маска берілмеген. Ал екі аптадан кейін әйелінен CОViD-19 белгілері пайда болған, деп жазады Mirror, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірде ол жұмысқа келгенде, оған маска болмаған. Ол әріптестерімен жиі хат жазысатын, олар да қажетті дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарының берілмегенін айтқан", - дейді күйеуі Дэвид Диценсо.
Даниэль коронавирусқа тест тапсырды, бірақ алғашқы нәтижелер түпкілікті қорытынды жасауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан, қыз өзін үйде оқшаулап, карантинге кетуді шешті. Аурухана басшылығы оған қоңырау шалып, оның жұмысқа келетіндігі жайлы сұраған. Бірақ медбикенің жағдайы тез нашарлай бастаған: дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелден қиналған.

Бірнеше күннен кейін Дэвид оянып, әйелінің жансыз денесін тапқан. Жүрегі жаралы ер адам, егер әйеліне уақытылы дәрі-дәрмектер берілсе, бұлай болмайтын еді деп санайды. Жігіттің айтуынша, вируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медициналық қызметкерлерге не үшін қажетті қолдау көрсетілмейтінін түсінбейді.

"Жаралы жүрегіммен өмірдің мұңды шындығын түсінуге тырысамын. Менің періштем, махаббатым, әйелім және ұлымның анасы бізді жақында жалғыз қалдырып кетті. Сен басқаларға көмектесуге тырысып, вируспен күресте алдыңғы шептегі медицина қызметкерлерінің бірі болдың. Сен нағыз батырсың! Ең мейірімді медбикесің! Біздің ұлымыз армандайтындай ең жақсы анасың"

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр