Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз қазақстандықтарға сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн курстар әзірленуде: Еліміздің тұрғындары қандай білім алғысы келеді?

Жақында жұмыссыз азаматтарға арналған онлайн курс іске қосылмақ. Былтыр мамыр айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықаралық Coursera білім беру платформасымен келісіп, оның курстарына қазақстандық жұмысшыларға тегін қатысуға мүмкіндік ұсынған болатын. Coursera аясында қанша қазақстандық білім алып, қабілетін арттырып үлгерді? Қазақстандықтар тағы да тегін курстан өте ала ма? Stan.kz тілшісі анықтады.    

Жұмыссыз қазақстандықтарға арналған жаңа курс

Жаңа дағдылары оқытуға арналған бағдарламалар мен курстар әрбір қазақстандық үшін кәсіби және мансаптық өсудің маңызды бөлігі. Осыған орай, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Электрондық еңбек биржасында онлайн режимінде қысқа мерзімді оқытуға арналған Порталды әзірлеп жатқанын хабарлады.

"Бұл Порталда азаматтар, оның ішінде жұмыссыздар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, еңбек нарығында сұранысқа ие дағыдалар бойынша онлайн режимде қысқа мерзімді курстардан өту мүмкіндігіне ие болады. Портал қысқа мерзімді онлайн оқыту курстарының меркетплейсі, мұнда курстардың авторлары және әзірлеушілері ретінде еліміздің оқу орталықтары және білім беру ұйымдары өздерінің онлайн курстарын орналастырады", - дейді министрлікте.

Порталды құрудың әлеуметтік мақсаты - жалпы ел тұрғындарының білім деңгейі және кәсібилігін арттыру, сондай-ақ, халықтың цифрлық дағыларын арттыру болмақ.

"Бұл өз кезегінде олардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен мансаптық өсуіне ықпалын тигізеді. Порталдың ресми түрде ашылуы  2021 жылдың 1 шілдесіне жоспарлануда, қазіргі уақытта Портал онлайн курстардың авторлары мен әзірлеушілері мен студенттерімен тестіленуде", - деп түсіндірді Нүркен Тілеуов.

Coursera нәтижелері қандай болды?

2020 жылы пандемия кезінде Enbek.kz-те тіркеуде тұрғандарға сұранысқа ие қабілетті онлайн режимде арттыру мен мамандықтарды үйренуге мүмкіндік туды. Қалыпты кезде платформада курстан өту ақылы, бағасы - 400 доллар (172 мың теңге) тұрады. Еңбек министрлігі мен халықаралық платфорама жасасқан шарт бойынша, келесім бойынша жұмыссыз қазақстандықтар тегін сертификат алып, оқи алады. 

Курстың ұзақтығы 6-10 аптаға дейін созылды. Курстардың мазмұны: түрлі тапсырмалар, апта сайынғы жаттығулардан тұрады, қорытынды жоба немесе емтихан болады. 

Курстар бойынша білім алу үшін ресми түрде жұмыссыз болып тіркелу керек болды. Coursera.org платформасына тіркелу үшін enbek.kz-те көрсетілген немесе ХЖҚО-да жұмыссыз болып көрсетілу кезіндегі e-mail-мен қатысты. 

Coursera – халықаралық оқыту платформасы. Онда түрлі университеттердің курстары жинақталған. Әдетте курстың бағасы - 50 доллар, ал мамандандырылғаны - 400 доллар тұрады. Coursera наурыз бен шілде айының аралығында 115 курсын қазақстандықтар үшін тегін етті. 

2020 жылдың сәуір айының соңында COVID-19 нәтижесінде туындағын бұрын-соңды болмаған жұмыссыздықты қалыпқа келтіруге атсалысу мақсатында Coursera Үкімет (Coursera Government) жұмыс күшін қалпына келтіру бастамасын жүзеге асырды. Осы бағдарлама арқылы бүкіл әлем елдері Coursera платформасындағы курстарға халықтың тегін қол жеткізуін қамтамасыз етіп, қатысушылардың әрі қарай дамуы мен жұмысқа орналасуы үшін қажетті білім мен дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды. 

Аталған жоба аясында қазақстандықтардың тегін онлайн білім алуына 50 мың орын бөлді. Электронды еңбек биржасы enbek.kz арқылы өтініш берген 74 мың адамның ішінде 37 мың қатысушы курстарда оқуын бастады.  Жоба нәтижесінде 2020 жылдың 15 қыркүйегінен 2021 жылдың 14 ақпанынана дейінгі кезеңде 15 мың қазақстандық әртүрлі бағыттағы ақысыз курстарда оқуларын аяқтап, сертификаттарын алды. Сонымен қатар,

3 мың қатысушы 2 немесе одан да көп курстарды аяқтап үлгерді. 

Қазақстандықтар арасында сұранысқа ие салалар: IT және компьютерлік ғылымдар, бизнесті басқару, үйрену, гумманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, жеке тұлғаны дамыту саласындағы курстар болды. 

Қазақстандықтар арасында ең танымал болған 10 курс: 

Оқуды аяқтаған қатысушылардың саны бойынша сұранысқа ие 10 курстың топтығында мыналар болды:

  • Programming for Everybody ("Getting Started with Python")-  Кез келген адамға арналған бағдарламалау;
  • "Теория Лжи. Профайлинг" - Жалғандық теориясы, Профайлинг
  • "Agile и Scrum в работе над проектами и продуктами" -  "Жобалар мен өнімдер бойынша жұмыста Agile және Scrum"
  •  "Teach English Now! Foundational Principles" - "Ағылшын тілін дәл қазір үйрен! Негізгі қағидалар" 
  • "Initiating and Planning Projects"   - "Жобаларды бастау және жоспарлау" -
  • "Основы фотографии" - "Фотография негіздері"
  •  "First Step Korean"  - Корей тіліне бірінші қадам
  •  "Python Data Structures" - "Python деректер құрылымы"
  •  "Excel Skills for Business: Essentials" - "Бизнеске арналған Excel дағдылары: негіздері" 
  •  "Write Professional Emails in English" - "Ағылшын тілінде кәсіби электрондық хаттарды жазу"

"Coursera білім беру платформасындағы курстар арқылы қатысушылар коммуникация, кәсіпкерлік, көшбасшылық және менеджмент, компьютерлік бағдарламалау және бизнесті талдау дағдыларын игерді және дамытты", - дейді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарушысы директоры Нүркен Тілеуов. 

Қатысушылардың Coursera туралы ойы

ҚазҰУ докторанты Назым Балпанова Coursera ұсынған курстардың бірін тәмәмдап, тағы бірін қазіргі уақытта оқып жатқанын жеткізді. Айтуынша, халықаралық деңдейдегі беделді университеттердің сертификаттары әр уақытта бағалы. Өзі өткен Лондон университеті мен Томск университетінің курстары әртүрлі форматта: видео, мәтін, пікірталас, эссе жазу, талдау жасау және т.б. өтті, дейді ол.

"Еңбек министрлігі ұсынған мүмкіндік жайлы естіген соң жазылған курстың бірі - Зерттеу әдістерін түсіну (Understanding Research Methods).  Онлайн курсты 100 пайызға оқып, сертификатын алдым. Әр адам өз қызметі, мамандығына сәйкес қажетті бағытты таңдайды деп ойлаймын. Мен зерттеу жұмысымен айналысып жатқандықтан, қандай зерттеу әдістері бар, оны қалай жүргізу керек, қандай құралдар бар деген сияқты сұрақтар мені мазалады. Сондықтан аталған курсты таңдадым. 

Құрылымы: видео, форум, кішігірім эссе, пікірталас, тапсырмалардан тұрады. Лондон университеті ұсынған курстың форматы мәтін, видео, жаттығулар, басқа қатысушылардың эсселерін бағалау түрінде өтті. Қазір тағы бір "Ғылыми зерттеулердің әдіс-тәсілдері" атты Томск университетінің курсын оқып жатырмын, мен үшін сәл қиындау болды. Excell кестесімен жұмыс істеп, онда салыстырмалы анализ, факторлы анализдерді үйренудемін. Онда квиз, сауалнама, глоссарий түрінде жаттығу, тапсырмалар орындаймын", - дейді ол. 

Онлайн платформа арқылы қабілетін арттырып жүрген Назымның пікірінше, курстан жаңа білім алып қана қоймай, оның сертификатын түйіндемеде қолдану үлкен артықшылық болмақ. 

"Лондон университетінің курсын бір деммен бітіріп шықтым, қазір өтіп жатқан курстымның артықшылығы тапсырмаларды өту уақытын өз қажеттілігіңе қарай шегеруіге болады. Бұл мен сияқты оқып, басқа да қосымша шаруалармен, үйдің тіршілігімен айналысып отырған азаматтар үшін тиімді. 

Әрине, егер тағы осындай курстар болса, қуана-қуана қатысар едім. Онда әркімнің жұмысына, уақытына, қызметіне байланысты түрлі білім жинақталған. Уақыт, қызығушылық болса, курстардан өтуге кеңес берер едім. Жаңа білім алуға үлкен мүмкіндік әрі беделді университеттердің сертификатын ие бола аласыздар. Сондай-ақ, бұл сіздің түйіндемеңізде де артықшылық болары сөзсіз", - дейді Назым Балпанова. 

Жарнама компаниясының қызметркері Мақсат Аманұлы бұл жоба туралы әріптестерінен естіп, бірнеше курсқа жазылып, оқып үлгерген.  Курс таңдау кезінде оқудың сапасы, қиындығы және ұзақтығына мән бердім, дейді.

"Алғаш бұл жоба туралы әріптестерімнен естідім. Олар тіркелуге уақыт аз қалғанын айтқан соң тез арада қосылып, курстар таңдай жөнелдім. Жобаға енгізілген курстар өте көп болды. Соның ішінен өзіме ұнаған үшеуін таңдап алдым. Таңдау кезінде оқудың сапасы, қиындығы және ұзақтығына мән бердім", - дейді ол.

"Жалпы, халық пандемия уақытында онлайн-курстардың артықшылығын түсінгендей. Оған уақыттан тәуелсіздігі, кез келген жерде және уақытта оқуға мүмкіндіктің болуын айта кету керек. Қазір курсқа қатысарда бірінші оффлайннан гөрі онлайнға басымдық беремін. Бұл жұмыс пен оқуды қатар алып жүруге таптырмас мүмкіндік.

Өткен курстарының қатарында: "SMM-кампания: мақсаты, стратегиясы және алгоритмі", "Цифрлы маркетинг және әлеуметтік желілер" және "Тәуекелдерді қолданбалы басқару" бар. Бұл курстардың өту ұзақтығы 4 аптадан аспады. Оған қоса курсқа қатысушылардың 70-80% cоңына дейін жеткен. Көп жағдайда онлайн курсты бастап, соңына жеткізбей кететін әдетім бар. Сол себепті курс уақытты ұзақ алатындай қиын да емес, қызық болмай кететіндей оңай болмауы керек еді", - дейді ол. 

Үш курста да аптасына берілетін белгілі бір нормативі болды, дейді қатысушы.

"Үй тапсырмасы, тест, лекция, семинар секілді. Кәдімгі жоғары оқу орындағыдай. Бірінші алдын ала дайындалған видео-семинарды көріп, әр сабақты қорытындылайтын тапсырмаларды орындайсың. Ал үй жұмысына тест не түрлі тапсырмаларды береді", - дейді ол.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр