Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан тұрғындарына толық локдаун енгізілуі мүмкін екені ескертілді

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты толық шектеу енгізіп, барлық кәсіпорындардың қызметін тоқтататуы мүмкін. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Көшбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада коронавирусты жұқтырғандар саны 1,5 есе артты. 

Арман Көшбасов эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екенін айтады. Соңғы екі апта күніне 1622-ден астам жағдайлар тіркелген. 

Сондай-ақ дәрігерлерге суық тиіп, өкпесі қабынып қаралғандардың басым бөлігінде және ауырғандармен байланыста болғандарда коронавирус анықталып жатыр.

Департамент басшысының орынбасарының айтуынша, облыста екпе алушылар қатары сиреген, күніне 200-300 адам ғана алып жатыр. Ал бұл эпиджағдайға өз әсерін тигізеді.

"Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол көбіне вакцинацияланбағандарға жұғып жатыр. Мәселен, Түркістан облысы мен Шымкент вакцинация бойынша жоспарды 100% орындады. Халықтың тиісті бөлігі екпе алды. Қазір бұл өңірлер "жасыл" аймақта. Ал СҚО екінші апта "қызыл" аймақта тұр", – дейді Арман Күшбасов.

Ол сондай-ақ аурудың өсуіне шектеу шараларының әлсіреуі және санитарлық нормалардың дұрыс сақталмауы себеп болғанын атап өтті.

"Денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу мақсатында бізге шектеу шараларын күшейтуге тура келді. Егер де коронавирус жұқтырғандар саны әлі де артатын болса, онда барлық кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Яғни облыс қайтадан толық локдаунға көшеді", – дейді Арман Күшбасов.

Сондай-ақ балалардың арасында коронавирус жұқтырғандар саны артқан. Салдарынан СҚО-да 142 мектеп қашықтан оқуға көшірілді.

Талқылау