Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Colgate бренді ресми сайтында Қазақстанды кіші әріппен жазған

Тіс жуу пастасы мен щеткасын шығаратын танымал Colgate бренді ресми сайтында елдер тізімінде тек Қазақстанды кіші әріппен жазып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Colgate америкалық брендінің сайтында аймақтар тізімі келтірілген. Бірнеше елдердің арасында тек Қазақстан кіші әріппен жазылған. Stan.kz тілшісі мұны байқап, бірден компанияның әлеуметтік желісіне жазған.

“Не себепті барлық ел бас әріппен, ал Қазақстан ғана кіші әріппен жазылған? Бұл біздің елге деген құрметсіздік… Мүмкін бас әріппен жазарсыздар? Қазақстан! Бұл мәселені шешесіздер деген үміттемін, өйткені бұл мен үшін, елім үшін және қазақстандықтар үшін өте маңызды”, – деп жазды Stan.kz тілшісі.

Ресейлік парақша қазақстандық тұтынушыға жауап бермеген, ал америкалық өкілі кешірім сұрап, мәселені Ресейдегі өкілге хабардар ететінін мәлімдеді. 

“Мұндай келесіздік орын алғанына кешірім сұраймыз. Бізді осы мәселемен хабардар еткеніңізді құрметтейміз. Біз осы жайтты тексеру үшін Ресейдегі тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына жібердік”, – деп жауап берді Colgate брендінің америкалық өкілі.

Хат-хабар 28-31 шілде аралығында болған. Бұдан соң 8 ай өтті, алайда олқылық өзгертілмеген. Әлі күнге дейін Қазақстан кіші әріппен жазылған.

Талқылау