Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Coca-Cola және õzen жаңа музыкалық альбом шығарды

Coca-Cola және õzen тағы бір бірлескен музыкалық альбом шығарды. Ол қазақстандық орындаушылардың 12 әнінен тұрады. Жинаққа арналған барлық композицияларды қыздар жазып, орындап шыққан. Бұған қоса басты трекке клипті түсіруге режиссерден бастап қоюшы-суретшіге дейінгі бүкіл шығармашылық тобы да толығымен әйелдер атсалысқан.

«Музыка индустриясындағы қыздарға қатысты ескірген көзқарастар бар. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – аталған осындай қате түсініктерден арылу, сондай-ақ дарынды қазақстандық орындаушыларды кең аудиторияға танымал ету болды», - дейді õzen студиясының жетекшісі Айзатулла Хуссейн. 

Альбомның «Dosyma Hat» басты трегіне түрлі-түсті жайдары бейнеклип түсірілді, онда мықты әрі кербез заманауи әйел бейнесі көрсетілген. Әннің сөзіне үңілсек, мұнда әйелдердің бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен бүкіл әлемді тербететіні туралы айтылған. Клипте нәзіктік пен күш таңқаларлық түрде үйлеседі, ал Yenlik, rauana және Hey Monro сынды әртістерідң бейнелері көше мен футуристік стильдерді біріктіреді. 

«Альбом толығымен әйелдерге арналады, өйткені біз олардың дарындылығын қолдағымыз келді. Coca-Cola компаниясы гендерлік теңдік мәселелеріне және әйелдерге экономикалық қолдау көрсетуге көп көңіл бөледі»,-дейді Қазақстан мен Қырғызстандағы Coca-Cola компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Александра Аккирман. 

Альбом хип-хоп, R&B, инди-поп сияқты жанрларды біріктіреді және Spotify, Apple Music, VK, Boom, Yandex Music және басқа да ондаған музыкалық платформаларда қолжетімді. 

Талқылау