Цифрлық жарнама мен маркетинг алаңы: Алматыда "Digital Wave 2025" конференциясы өтеді
Орталық Азия жарнама қауымдастығы (ОАЖҚ) күздің басында Алматыда жарнама-медиа индустриясындағы digital мамандарға арналған Digital Wave конференциясын өткізеді.
Іс-шара төртінші рет ұйымдастырылғалы отыр және жарнама-медиа мен маркетинг салаларындағы жетекші мамандар: жарнама агенттіктері, digital сейлз-хаустар, платформалар мен жарнама берушілер арасындағы нетворкинг үшін дәстүрлі алаңға айналды.
Digital Wave 2025 конференциясы 11 қыркүйекте Forum сауда орталығындағы Event Space алаңында өтеді.
Конференция – жарнама-медиа мен маркетинг салаларындағы жетекші тұлғалар арасында тәжірибе алмасу мен нетворкинг үшін таптырмас орын.
Конференция қатысушылары көзбе-көз жиналып, нарықтағы өзекті мәселелер мен сын, кедергілерді талқылайды. Үнемі өзгеріп отыратын digital ортадағы жаңа технологиялар мен құралдар жайлы ойларымен бөліседі. Сонымен қатар, Қазнеттің кең аудиториясын қамтитын алаңдарда тікелей эфир де қолжетімді болады.
Биыл істерімен көпке танылған тәжірибелі сарапшылар келесі секциялар бойынша өзекті баяндамалар ұсынады:
- – Цифрлық жарнама нарығына шолу;
- – Стратегия, жоспарлау, аналитика;
- – Теориясыз ЖИ: қазір нақты жұмыс істеп тұрған құралдар;
- – Retail media (бөлшек сауда медиасы);
- – Programmatic (бағдарламалық жарнама);
- – Digital-upgrade: жаңа тәсілдер мен құралдар.
Іскерлік бағдарлама соңында мамандардың пікір алмасуы "GenZ пен GenY баттлы" форматында өтеді.
Кейін іс-шараның қорытындысы ретінде “Digital Jedi 2025” марапатын табыстау салтанаты болады. Еліміздің ең үздік digital-маманын тәжірибелі сарапшылардан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаз келесі бағыттардың бірінде ерекше нәтижелерге қол жеткізгені үшін марапатталады:
- – Компанияға жаңашылдық енгізу: жаңа өнімдер, технологиялар немесе қызмет түрлерін іске қосу;
- – Digital-нарықта маңызды әрі пайдалы өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыру;
- – Жарнама кампанияларында жаңашылдығымен және күрделілігімен ерекшеленетін әсерлі (wow) жобаларды жасау;
- – Агенттік, бренд немесе бөлім жұмысының нәтижелілігін айтарлықтай арттыру. Мысалы, табыстың өсуі немесе клиенттер санының көбеюі сияқты нақты көрсеткіштер бойынша.
Конференциядан кейін қатысушылар мен қонақтарды терасада фуршет, лотерея және караоке-баттл күтіп тұр. Digital Jedi марапатын табыстау рәсімі мен караоке-баттлды дәстүр бойынша WOW!SUPER креативті бутигінің негізін қалаушысы Сергей Ремеле жүргізеді.
Digital Wave 2025 конференциясының бағдарламасымен, спикерлерімен және басқа да толық ақпаратпен ресми сайтынан танысып, билеттерді сатып ала аласыз.
Бас серіктес
Bidease – бұл премиум In-App жарнама платформасы. Ол әлемдік мобильді экожүйеге қол жеткізу арқылы брендтерге жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларының көмегімен өз аудиториясын табуға мүмкіндік береді.
Ресми серіктестер
• Admixer Media – Қазақстандағы Google Ads-тың ресми реселлері. Компания Admixer Advertising тобының құрамында. Сертификатталған мамандар командасы жарнама берушілер мен агенттіктерге Google Ads мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану үшін тегін сараптамалық қолдау, кеңес беру және оқыту қызметтерін ұсынады.
• IAS – Integral Ad Science – интернет-жарнаманың сапасы мен тиімділігін тексеру және талдау саласындағы жаһандық көшбасшы.
IAS Google, Meta, TikTok және басқа да жетекші платформалармен, сондай-ақ жергілікті провайдерлермен тікелей интеграцияда жұмыс істейді.
• Forte — адамдарға көмектесетін, кәсіпкерлерді қолдайтын және болашақты ойлайтын банк. Forte еліміздің барлық өңірлерінде қызмет көрсетеді және миллиондаған клиенттің қаржылық мәселесін шешуге көмектесіп келеді.
Event-серіктес
EZ Solutions – Қазақстан мен Орталық Азиядағы корпоративтік секторда жұмыс істейтін ең ірі ивент-агенттік. 20 жылдан астам тәжірибесі бар компания маркетингтік, бизнес, PR және HR іс-шараларын ұйымдастырып, оларды клиенттің мақсаттарына жетуге арналған стратегиялық құралға айналдырады.
Ақпараттық серіктестер: Tribune.kz, Zakon.kz, BES.Media, Optimism.kz, Nur.kz, qazaqpress.kz, Bizmedia, Деловой Казахстан, Exclusive.kz, Marketing.uz, PROFIT.kz, Stan.kz, Marcom club, WE project.

"Пәтер алуға ақша жинап жүрген, бірақ үлгермеді": Үстіне ағаш құлап мерт болған әйел жайлы әріптестері естеліктерін бөлісті
