Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар bcc.kz қосымшасы арқылы нотариус қызметіне онлайн жүгіне алады

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен ЦентрКредит Банкі бірлесіп bcc.kz мобильді қосымшасында жаңа "Цифрлық нотариат" жүйесін іске қосты. Бұл жүйе азаматтарға нотариалдық қызметтерді онлайн түрде толық алуға мүмкіндік береді. Бұл – жылдам, ыңғайлы және заңды күші бар процесс.

Енді ұзын-сонар кезекке тұрмай-ақ және көп құжатты көтеріп жүрмей-ақ, смартфон арқылы сенімхат рәсімдеуге, нотариалдық келісім алуға немесе нотариустан кеңес алуға болады. Енді қосымша арқылы өтініш беруден бастап, төлем жасау және дайын құжатты алуға дейінгі процесті іске асыруға мүмкіндік бар. Азамат жеке басын растау үшін нотариуспен бейнеқоңырау арқылы байланысады. Ал ЭЦҚ арқылы қол қойылған құжаттар бірден “Цифрлық құжаттар” бөліміне сақталады. 

"Цифрлық нотариатты енгізу – азаматтар мен нотариустар арасындағы бюрократиялық кедергілерді жою жолындағы маңызды қадам. Бұрын міндетті түрде нотариусқа барып алатын қызметтердің енді бейнеқоңырау арқылы қашықтан жүзеге асырылатынына куә болып отырмыз. Жоба іске қосылғалы бері шамамен 350 мың нотариалдық қызмет көрсетілді. Біз бұл жобаны нотариалдық қызметтерге сұраныстың жоғары екенін ескеріп, ЦентрКредит Банкі платформасында кеңейттік. Бұл – технологиялардың халық игілігіне қалай қызмет ететінінің нақты мысалы", – деді ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.
"Біз бұрын кеңсеге келуді талап ететін қызметтерді онлайн форматқа көшіру бағытында үнемі жұмыс атқарып келеміз. Цифрлық нотариат – технологиялар маңызды өмірлік процестерді қалай жеңілдететінінің жарқын мысалы. Бұл жүйе клиенттерімізге шынымен пайдалы болады деп сенеміз", – деді ЦентрКредит Банкі АҚ вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.

Жаңа жүйе, әсіресе, шетелде немесе нотариалдық қызмет алу қиын шалғай өңірлерде тұратын қазақстандық азаматтарға тиімді. Енді маңызды құқықтық мәселелерді кез келген уақытта, кез келген жерде бірнеше батырманы басып қана шешуге болады. 

Жаңа қызметті пайдалану үшін bcc.kz мобильді қосымшасын ашып, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінен "Цифрлық нотариат" қызметін таңдасаңыз жеткілікті.
 
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 14:05
Талқылау