Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі "Бағдат Мусиннің отставкаға кететіні" туралы ақпаратқа жауап берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бағдат Мусиннің отставкаға кететіні туралы қауесетке жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: news.myseldon.com

Министр Бағдат Мусиннің басқа қызметке ауысатыны туралы желіде тараған хабарламаны министрлік жоққа шығарды. 

"Қазіргі таңда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өз қызметін жалғастыруда. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", – деді министрлік.

Бұған дейін анонимді Telegram арналарында Бағдат Мусиннің 2024 жылы отставкаға кететіні туралы ақпарат пайда болған еді. Жазба авторлары аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Мусиннің көктемде отставкаға кететінін жазған еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтар Илон Масктың интернеті –Starlink қашан пайдалана алатынын айтқан еді. 

“Өздеріңіз білетіндей, қазір біз Starlink компаниясымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жоба арқылы біз 10 ауыл мектебін қосамыз, жарты жылдың ішінде екі мың мектепті қосуды жоспарлап отырмыз, бұл жерде интернет шынымен өте әлсіз, секундына 4 мегабит, яғни білім жүйесін трансформациялауға жарамсыз”, – деді Мусин.

Оның айтуынша, қазір Starlink интернетін жеке мақсатта пайдалану заңсыз әрі қауіпті.

Талқылау