Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйеліңізбен ауыр әңгіме болады-ау": Цифрлық даму министрі премьер-министрдің көзінше үйленбек болды (видео)

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет жиынында  eGov мобильді қосымшасындағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін көрсетті.  Жиын барысында премьер-министр Олжас Бектенов Мәдиевпен әзілдесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында eGov мобильді қосымшасында жүзеге асырылатын жасанды интеллект қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Ол өз аккаунтына кіріп, нейрондық желіге мысал ретінде некені қалай тіркеуге болатыны туралы сұрақ қойды. Ақпаратты өңдегеннен кейін, экранда некені тіркеу қызметіне сілтеме пайда болды. Алайда бұл қызмет министрге қолжетімсіз болды. Себебі ол бұрыннан некедегі адам. 

Бұл жиналғандарды күлкіге қарық қылып, премьер-министр Олжас Бектенов алғаш рет көпшілік алдында әзілдеді. 



"Некеде болсаңыз да, некеге тіркейді деп үміттендіңіз бе? Бүгін жиыннан кейін әйеліңізбен ауыр бір әңгіме болғалы тұр-ау", – деді Бектенов.

Үкімет отырысында мемлекеттік органдардың жұмысына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект енгізу мәселесі қаралып жатыр.

Нейрондық желілер күнделікті жұмысты автоматтандыруға негізделген шешімдер қабылдауға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға көмектеседі. Студенттер мен оқушыларға арналған курстар ұйымдастыру да жоспарда бар.

Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысынан кейін Тәуелсіздік күні мерекесінде елімізде интернет жылдамдығының не үшін баяулағанын түсіндіргені туралы жазған едік. 

Талқылау