Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чиншанло мен Сон Олимпиададан алған сыйақыларын қайырымдылыққа береді

Қазақстандық ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон мемлекеттен алған сыйақыларын қайырымдылыққа аударады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Үшінші орын алғаны үшін оларға 75 мың доллар берілген. 

"Қолдау көрсеткені үшін және құттықтағаны үшін барлығына алғыс айтқым келеді. Атап айтқанда біздің федерацияға, Жанат Рашидовичке, ҰОК-ға ерекше ризамыз. Жарысқа түскен кезде өзіңді жеңуді ойлайсың. Награда туралы мүлдем ұмытасың. Бірақ осындай құрмекте бөлеп жатқандарыңыз үшін рақмет. Олимпиадалық құрамадағылар өз ақшаларын қайырымдылыққа аудару арқылы бізге жақсы үлгі көрсетті. Бізге, Олимпиада жеңімпаздарына мемлекет, федерация және облыс өте жақсы қолдау көрсетеді. Бірақ бұл қаражатқа әбізге қарағанда мұқтаж адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан ауыр атлетика федерациясының қолдауымен мен өз ақшалай сыйлығымды да жақсы мақсаттарға бағыттаймын", – деп түсіндірді Чиншанло.

Игорь Сон Алматы облысында мұқтаж жандарды қолдау үшін ақша жібереді.

"Мен өзім Үштөбе қаласынанмын және мен облыстағы ұлдар мен қыздар менің жолымды қайталағанын қалаймын. Сондықтан біздің федерацияның көмегімен мен өз сыйлығымды өз аймағымда мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағыттаймын", – деді ол.

Сонымен қатар Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон федерациядан жаңа Toyota Camry алды.

Дана Русланқызы
Жұма, 20 Тамыз, 2021 15:33
Талқылау