Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Chevrolet Қазақстанда жаңа отбасылық Captiva автокөлігін ұсынды

Chevrolet – елдегі ең танымал брендтердің бірі және қазақстандық Allur автокөлік компаниясына кіретін жаңа - Chevrolet Captiva моделін таныстырды. Көлік сатылымы 2025 жылдың сәуір айында басталады.

Жаңа кроссовер Chevrolet-тің халықтық бренд ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған, әсіресе отбасылық және әмбебап автокөліктер сегментіне сай. Captiva қазақстандық жүргізушілерге әдбен лайық, қала ішінде қозғалыстардан бастап, аймақтардағы тас жолдарға дейінгі кез келген жолда жайлылық, кеңдік және сенімділік сыйлайды.

Жеті орындық салоны мен трансформерлік орындықтары Captiva-ны үлкен отбасылар мен белсенді демалысты ұнататындар үшін тамаша таңдау етеді. Заманауи технологиялар, оның ішінде сенсорлы экраны бар мультимедиалық жүйе және смартфон интеграциясы цифрлық дәуірдегі жүргізушілердің қажеттіліктеріне сай келеді. 1,5 литрлік турбо қозғалтқыш (149 а.к.) пен вариатордың үйлесімі жоғары динамиканы және отынның үнемді шығынын қамтамасыз етеді, ал 200 мм клиренс кез келген бағытта сенімді қозғалысқа мүмкіндік береді.

Captiva барлық қажетті белсенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған және 3 жылдық кепілдікпен ұсынылады, бұл автокөліктің сапасын дәлелдейді.

Captiva-ның Қазақстан нарығында пайда болуы бренд үшін маңызды кезең. 2025 жылы Chevrolet ел нарығына келгеніне 5 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде компания бірнеше рет сатылымдар бойынша көшбасшы атанып, Cobalt моделі 2021 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстандағы ең танымал автокөлік болды. 2024 жылы Қостанайдағы Allur зауытында жоғары дәлдіктегі технологияларды қолдана отырып Onix моделінің CKD-өндірісі іске қосылды.

Қазіргі уақытта Chevrolet-тің ресми дилерлік орталықтарында Captiva-ға тест-драйвқа жазылуға болады. Модельдің бағасы – 12 190 000 теңге. Толық ақпаратты Chevrolet-тің Қазақстандағы ресми сайтынан алуға болады.

Талқылау