Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Chevrolet JD power рейтингінде сенімді өнім ретінде көшбасшылардың бірі атанды

Аты аңызға айналған жоғары сапалы автокөлік өндірушісі Chevrolet беделді JD Power рейтингінде сенімді өнім ретінде үздік үштікке енді. 

Бұл – компанияның сапа мен қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына адал екенінің тағы бір дәлелі.

Тұтыну нарығындағы беделді агенттік JD Power жыл сайын Vehicle Dependability Study (VDS) зерттеуін жүргізеді. Зерттеу жаңа көлік иелерінің алғашқы үш жылда кезігетін мәселелерін талдайды.

2023 жылы Chevrolet жалпы рейтингте үшінші орынға ие болып, сенімділік бағытында айтарлықтай алға жылжыды. Зерттеуге 33 брендтің қатысқаны мен нарықтағы бәсекелестіктің үнемі артып келе жатқанын ескерсек, бұл – таңданарлық жетістік.

Сенімділік – бұл рейтингтегі орын ғана емес. Бұл ең қолайсыз сәттерде де көлігіңіздің жақсы жұмыс істейтініне сенімді болу. Сол арқылы өзің мен жақындарының қауіпсіздігіне алаңдамау.

Ал Chevrolet – жай ғана көлік емес, жолдағы жайлылық пен сенімділіктің символы.

Бұдан басқа, Chevrolet өз клиенттеріне бірнеше қызметтер ұсынады:

– Талғамыңыз бен бағасына қарай таңдауға бірнеше нұсқа бар: Мұнда қалада жүруге арналған көліктерден бөлек, жол талғамайтын модельдерге дейін қарастыруға болады;

– Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін инновациялық технологиялармен қоса, жайлы көлік жүргізуден ләззат ала аласыз;

– Еліміздің барлық аймағында Chevrolet-ні таңдауға, сатып алуға және қызмет көрсетуге әрдайым көмектесетін дилерлік орталықтардың дамыған желісі орналасқан.

Егер сіз сенімді, ыңғайлы әрі стильді көлік іздесеңіз, сіздің таңдауыңыз – Chevrolet болмақ.

Талқылау