Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Chevrolet брендінің бейнебаянына түсуге кастинг жарияланды

Chevrolet ресми дистрибьюторы барлық Chevrolet Onix иелерін жаңа көліктің бейнеролигіне түсуге шақырады. Модель биыл мамыр айында таныстырылған, жаңа көліктің презентациясы Республика сарайы алаңында, барша алматылықтың көз алдында өтті.

Chevrolet бренді әр жобасымен клиенттеріне жақындай түсіп, халыққа өзінің ашықтығын көрсете отырып, тың жобалармен таңғалдырудан жалықпайды.

Алғаш рет Chevrolet Onix моделін иеленген жандармен бейнеролик түсіру жоспарланып отыр. Кастинг жеңімпазы түсірілім процесін көріп қана қоймай, өзін жұлдыз сезіне алады. Бірегей жоба Chevrolet көлігін иелері арқылы көрсетуге бағытталған.

Әлеуметтік желілерде кастинг өтіп, сол жерден бес қатысушы таңдалады. Олар сүйікті брендінің видеосына түсіп, Chevrolet компаниясының барлық ресми дилерлік орталықтарындағы қызметтерге, қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға 100 000 теңге сомасында сертификат алады.

Кастингке қатысу үшін @chevroletkaz Instagram парақшасының профиліндегі сілтемеге өту қажет. Сілтеме арқылы кастингке қатысуға өтінім жібересіз. Бір апта ішінде бес жеңімпаз анықталады.

Талқылау