Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черногорияда демалып жүрген қазақ жігіті суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарамын деп ажал құшты

Черногорияда суға батып бара жатқан екі әйелді құтқармақшы болған қазақстандық Танат Смағұлов суға кетіп, қайтыс болды.

Черногорияда демалып жүрген қазақ жігіті суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарамын деп ажал құшты

Бұл туралы “Экспресс-К” басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға 16 тамыздаЧерногорияның Ульцин қаласында болды.

Марқұмның досының айтуынша, теңізде толқын көтеріліп екі әйел суға бата бастаған. Олардың батып бара жатқанын көрген Танат екі әйелді құтқармақшы болып, көмекке ұмтылды. Қазақ жігіті әйелдердің біреуін құтқарып, екіншісіне судан шығуға көмектесті. Алайда, екі әйелді құтқарып қалған отандасымыз өзі суға батып кетіп, мерт болды.

Сол күні қазақстандық жігіттен бөлек, Черногория азаматы да батып кетті.

Суға батып бара жатқандарды құтқарамын деп ажал құшқан отандасымыздың артында төрт жасар қызы қалды. Марқұмның мәйіті елге 21 тамызда жеткізіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау