Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черногорияда 37 жастағы экономика министрі президент сайлауында жеңіске жетті

2 сәуірде Черногорияда президент сайлауының екінші турында "Еуропа қазір!" қозғалысының кандидаты, экономист Яков Милатович жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

яков милатович

Яков Милатович сайлауда 60%-дан астам дауыс жинаған. Бұл туралы 3 сәуірге қараған түні Мониторинг және зерттеу орталығының (CEMI) мәлімдемесінен кейін белгілі болды. 

37 жастағы Милатович Черногорияның экономика министрі болып қызмет еткен. Министр өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықпен күресуге уәде берді. Ал 2022 жылы ол "Еуропа қазір!" партиясы құрылтайшыларының бірі болған.

Сайлаудағы жеңісінен кейін партияластарының алдында сөз сөйлеп, алдағы 5 жылда Черногорияны Еуроодаққа кіргізуге уәде берді. Айта кетері, Черногория 2008 жылы Еуропа одағына мүшелікке кандидат мәртебесін алған еді.

Мониторинг және зерттеу орталығының мәліметтеріне сәйкес дауыс беруге сайлаушылардың 70%-ға жуығы қатысыпты. Сайлаудың ресми нәтижесі дауыс беруге байланысты шағымдар қаралған соң ғана жарияланады. 

Черногорияда президент лауазымы негізінен өкілді қызмет болып есептеледі. Әйткенмен саяси додадағы бұл жеңіс Милатовичтің жақтастарына 2024 жылы өтетін парламент сайлауында көмегін тигізуі мүмкін. 

Талқылау