Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черчесов Қазақстан футбол құрамасының жаттықтырушысы лауазымында қалатын болды

Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері қызметінде қалатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: championat.com

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Черчесов бас бапкер қызметінен кетеді деген ақпарат жалған. 



"Кейбір БАҚ-та тарап жатқан Станислав Черчесовтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кететіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген хабарламада. 

Черчесовтың Қазақстан футбол федерациясымен келісім шарты бар екені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Черчесов қызметінен босатылған жағдайда оған 1 миллион еуро (505 миллион теңге) төленетіні айтылған еді. 

Еске салайық, Черчесов 2024 жылдың шілде айында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуі екіталай екенін, алайда қажет сөздерді білетінін айтты. Алайда ол баспасөз конференциясы кезінде журналистердің қазақ тіліне байланысты қойған сұрағына кідіріп қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл салынды. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов "Черчесовтің әзілдері кейде шектен шығып кетеді. Мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіріп, онымен жеке сөйлестік. Айыппұл салынды" деп мәлімдеді. Бұдан бөлек ол журналистің қазақ тіліндегі сұрағына "сен французша сөйлеп тұрсың ба?" деп әзілдеген еді.

Талқылау