Чемпиондар лигасының соңғы турында “Қайрат” атақты “Арсеналға” қарсы матч өткізеді

Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының соңғы турында лондонның ”Арсеналына” қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос құрама арасындағы тартыс “Эмирейтс” стадионында өтеді.
Матч 28 қаңтардан 29 қаңтарға қарған түні сағат 00:55-те басталады.
Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының кестесінде “Арсенал” үздіктер көшін бастап тұр. Ал “Қайрат” ең соңғы орынға жайғасқан.
Жалпы, “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығында Кипрдің “Пафос” клубымен 0:0 есебімен тең ойнап, бір ұпайға ие болды. Ал қалған матчтарда “Спортингке” (1:4), “Реалға” (0:5), “Интерге” (1:2), “Копенгагенге” (2:3) және “Олимпиакосқа” (0:1) есе жіберді. Ал “Брюггеге” 4:1 есебімен ойсырай жеңілді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін