Чемпиондар лигасында "Қайрат" кіммен ойнауы мүмкін
Бүгін, 28 тамыз күні, бүкіл әлем ФК "Қайраттың" ЧЛ топтық кезеңіндегі қарсыластарын біледі. Сегіз команда – сегіз матч. Алматылықтарды төрт өз алаңындағы және төрт сырттағы ойын күтіп тұр. Бүкіл Қазақстан танымал клубтардың Алматыға келуін тағатсыздана күтуде, өйткені жанкүйерлер экраннан тамашалап жүрген жұлдыздарды енді көзбе-көз көруге мүмкіндік алады.
"Қайрат" кіммен ойнауы мүмкін?
Барлық командалар УЕФА рейтингтеріне байланысты төрт себетке бөлінген. "Қайрат" еурокубок тәжірибесі мен ұпайлары аз болғандықтан, төртінші себетке түсті. Ал бірінші себетте футбол жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген клубтар бар: "Челси", "Манчестер Сити", "Ливерпуль", "Боруссия", "Интер", ПСЖ, "Бавария", "Барселона" және "Реал". Telegram мен Instagram пабликтерінде жүргізілген сауалнамаларда қазақстандықтардың испан алпауыттарына ерекше ықыласы байқалды. 1XBET компаниясының парақшасында да дауыс беру өтті: көпшілік "Барса" мен "Реалды" күтеді, сәл азырағы – "Ливерпуль" мен "Челсиді". Ал "Баварияның" қонаққа келгенін ешкім қаламайды.
Командалардың мүмкіндігі қандай?
1XBET компаниясының пікірінше, әрқашанғыдай басты фаворит – ЧЛ рекордшысы "Реал Мадрид". Сарапшылар биыл "Барселонаның" да серпіліс жасап, трофей үшін таласатынына сенеді. "Манчестер Ситидің" де жаңа маусымға жақсы күшейгенін ескеріп, үлкен мүмкіндіктері бар. Ал "Қайрат" букмекерлердің бәрінің көзқарасы бойынша топтың басты аутсайдері саналады. Дегенмен кейбір матчтарда алматылықтар сенсация жасауға қауқарлы. Өйткені алыс қашықтықтағы сапарлар апта ішінде маңызды ойындары бар грандтарға ауыр тиюі мүмкін. Оның үстіне, ҚПЛ маусымы қазан айында аяқталады, бұл жылдың соңында "Қайратқа" қолбайлау болмайды.
"Қайрат" ақырында кіммен ойнайды? Мұны бүгін 21:00-де білеміз. Жеребе QazSport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандағы Чемпиондар Лигасы трансляциясының демеушісі – 1XBET лицензиясы бар букмекерлік компаниясы. Спорттық эмоциялардың демеушісімен бірге футболды тамашала!

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
