Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті
2022/23 маусымындағы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Топтық кезеңнің матчтары Әлем чемпионатының өтуіне байланысты 8 аптаға дейін қысқарған. Ал финал Түркиядағы “Ататүрік” стадионында 2023 жылдың 10 шілдесінде өтеді.
Жеребе нәтижесі бойынша топтар құрамы келесідей:
А тобы: "Аякс" (Нидерланд), "Ливерпуль" (Англия), "Наполи" (Италия), "Рейнджерс" (Шотландия);
B тобы: "Порту" (Португалия), "Атлетико" (Испания), "Байер" (Германия), "Брюгге" (Бельгия);
D тобы: "Айнтрахт" (Франкфурт, Германия), "Тоттенхэм" (Англия), "Спортинг" (Португалия), "Марсель" (Франция);
С тобы: "Бавария" (Германия), "Барселона" (Испания), "Интер" (Италия), "Виктория Плзень" (Чехия);
E тобы: "Милан" (Италия), "Челси" (Англия), "Зальцбург" (Австрия), "Динамо" (Загреб, Хорватия);
F тобы: "Реал" (Испания), "Лейпциг" (Германия), "Шахтер" (Украина), "Селтик" (Шотландия);
G тобы: "Манчестер Сити" (Англия), "Севилья" (Испания), "Боруссия" (Дортмунд, Германия), "Копенгаген" (Дания);
H тобы: "Пари Сен-Жермен" (Франция), "Ювентус" (Италия), "Бенфика" (Португалия), "Маккаби" (Хайфа, Израиль).