Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Челси" клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Әлем чемпионы атандыФото: Getty Images

Англияның "Челси" футбол клубы АҚШ-та алғаш рет кеңейтілген форматта өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалдық матч 13 шілде күні Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионында өтті. Лондондық клуб Францияның "Пари Сен-Жермен" командасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. "Челсидің" екі голын Кол Палмер соқса, үшінші голдың авторы Жоау Педру болды.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Екінші тайм басталған соң "Челси" шабуылдарын үдетіп, Кол Палмер дубль жасап, ойын тағдырын шешіп берді. Кейін Жоау Педру да өз мүмкіндігін мүлт жібермей, жеңіске нүкте қойды. Қарсыластарынан есе қайтара алмаған ПСЖ ойыншылары матч соңына дейін қорғаныста жүрді.

Еске салайық, бұл – "Челси" тарихындағы клубтық әлем чемпионатындағы екінші жеңісі. Бұған дейін ағылшындық команда 2021 жылы Абу-Дабиде өткен финалда да чемпион атанған еді.

Айта кетейік, 2025 жылы бұл турнир жаңа форматта, яғни әлемнің әр түкпірінен келген 32 клубтың қатысуымен ұйымдастырылды.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025 09:45
Талқылау