Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чат арқылы танысып, кездесуге шақырған: Алматыда үш жігіт гейлерді ұрып-соғып, ақша тапқан

Алматыда бір топ жігіт танысу чатында гейлерді арбап, кездесуге шақырып, кейін тонау әрекетін жасаған. Үш жігіт осылайша бірнеше адамды алдап, ақша табуға тырысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше Алматыда дәстүрлі емес жыныстық бағдар өкілдерін тонап жүрген қарақшылар пайда болған. 

“Осы жылдың басында 19 жастағы Юсуф Музапаров, Бактиержон Тохтиев пен 20 жастағы Имран Хашамов әлсіздер арқылы ақша табуды ойлаған. Олар танысу чатын тауып, онда олардың бірі өзін жалған есіммен таныстырып, өзге жігітпен әңгімелескен. Хабарлама барысында чаттағы жігіт өзіне ер адамдардың ұнайтынын мойындады. Соны пайдаланған қаскөйлер оны бірге уақыт өткізуге, ойын ойнап, пицца жеуге шақырған. Жігіттер тіпті жаңа таныстарына такси ақысын төлеп беретінін айтқан. Ал чаттағы жігіт сол түні "Айнабұлаққа" келген”,- делінген жазбада. 

Үштіктің кәмелетке толмаған досы оны қарсы алып, саябаққа апарады. Кейін олар қонақтарын ұрып-соғып, оның екі ұялы телефонын тартып алған. Содан соң оған такси шақырып берген.



“Жігіттер смартфондарды ломбардқа тапсырып, келесі күні осы әрекетті қайталады. Олардың бірі "Гейлерге арналған танысу" чатының басқа қонағымен кездесті. Оған да дәл бұрынғыдай ұсыныс айтып тұзаққа түсірді. Музапаров, Тохтиев және Хашамов кәмелетке толмаған көмекшілерімен бірге жәбірленушінің телефоны мен ноутбугын тартып алып, ұрып тастаған”, – делінген жазбада.

Бір-екі күннен кейін үшеуі де анықталып, қамауға алынды. Олар тергеу изоляторында болған кезде жәбірленушілерге залалдың орны толтырылған. Сондықтан жәбірленушілер қарақшыларды бас бостандығынан айырмауды сұраған. Нәтижесінде судья Нұргүл Батырхан екі қылмыскерге 5 жыл, ал біреуіне 3 жыл мерзімінде шартты түрдегі жазаны тағайындады. 

Талқылау