Cерікбол Cайлаубек күні бойы көлік жуып, отбасын асырап жүрген жалғызбасты анаға көмектесті

Серікбол Сайлаубек 5 балалы жалғыз басты анаға көмектесті. Шарасыздың күйін кешкен жалғызбасы ана өлместің күнін кешіп жүргені айдан анық.

Cерікбол Cайлаубек күні бойы көлік жуып, отбасын асырап жүрген жалғызбасты анаға көмектесті

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Балаларын асыраймын деп таңның атысы, күннің батысы ерінбей еңбек етеді. Қатігез әкесі бес баласына ешқандай жәрдемақы да, көмек те бермейді. Тіпті көруге де ниеті шамалы.

Балаларының ертеңі үшін 18 сағат бойы көлік жуып, мал табады. Кенже баласын үлкен екі баласы қарайлайды. Түнде балаларына тамағын, киімін дайындайды. 

"Мен 5 баланы ажырасам деп өмірге әкелген жоқпын. Үден кеткенде ішімде 7 айлық кенже балам болды. Ел 1 сәуір күні бір-бірін алдап, әзілдесіп жүргенде мен 5 баламен далада қалдым", - деп көзіне жас алды Ләззат Ерназарова.

Әнші Серікбол Сайлаубек көп балалы отбасыға азық-түлік ала келді.

"Біз дәм тартып, сіздің отбасыңызға келіп қалдық. Балаларыңызға қай жағынан көмек керек. Сол жағын өзіңіз айтсаңыз, көмек көрсетейік", - деді әнші. 

Ләзәттың Аяжан, Үсен, Нұрсәлим, Кәусәр, кенжесі Айсұлтан есімді баласы бар. 

Ләззат отбасымен пәтер жалдап тұрады. Көлік жуу бекетінің басшысы шағын ғана пәтерді арзан бағамен беріп отыр. Жұмысқа да, балаларының мектебіне де жақын. Іші ылғал болғанымен, жылулыққа толы. Балалары анасының жағдайына қарап, жаны ашып тұрады.

Анасының үміті ақталап, балаларының келешегі жарқын болсын деп тілейміз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр