Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Цензураға қатысты жағдай ушығып кеткен": БАҚ еркіндігі рейтингінде Қазақстан Ливия мен Эфиопияның арасында тұр

Қазақстандағы баспасөз бостандығының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды. "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәліметінше, өткен жылы тілшілердің құқығын бұзу оқиғаларының жалпы саны 20,1%-ға азайған. 2023 жылы барлығы 434, осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 141 факті тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay

"Әділ сөз" қоры сарапшыларының пікірінше, статистикадағы теріс динамика 2022 жылы тіркелген. 2022 жылдың қаңтарындағы саяси оқиғаларға байланысты журналистер жұмыс барысында көптеген қауіп-қатер мен кедергілерге тап болған. 2023 жылы мұндай саяси фактор болған жоқ.

Сондай-ақ соңғы бір жылда елімізде жекелеген журналистер мен редакцияларға қатысты сотқа дейінгі шағымдар немесе сот істері туралы хабарлар аз (5%) жарияланған. Соған қарамастан, олардың саны жылына жүзге дейін  . 

Қор мамандары 2023 жылдың соңына дейін 7 сот актісі шыққанын, оған сәйкес журналистер түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, әкімшілік қамауға алынғанын хабарлады.

Фото: ranking.kz

Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтарын бұзу санатында заңды кәсіби қызметке кедергі жасау жиі кездеседі. Өткен жылы осындай 51 оқиға тіркелсе, оның алтауы күш қолданумен байланысты. 78% жағдайда журналистерге өз жұмысын істеуге мемлекеттік қызметкерлер мен полиция рұқсат етпеген. Құқық бұзушылық ретінде сот отырыстарының материалдарын жариялауға тыйым салу, сайлау учаскелерінде немесе сотта фото-видео түсіруге тыйым салу тіркелген.

Оқиға саны бойынша екінші орында (44) журналистер мен редакцияларға қауіп төндіру. 22% жағдайда психологиялық қысым көрсету, қорқыту және қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды ескертулер лауазымды тұлғалардан келген. 11% жағдайда қауіп-қатер көздері жеке тұлғалар тарапынан келген. Атышулы жағдайлардың жартысында БАҚ-қа қысым көрсетуге бұйрық бергендер табылмады. Биыл қор қорқыту мен қудалау фактілерін де тіркеген.

Фото: ranking.kz

Журналистер мен бас редакторларды билік немесе жеке тұлғалар талап еткен нәрсені жасауға мәжбүрлеу әрекеттері "БАҚ қызметіне араласу және цензура" деп аталатын жеке санатқа жатқызылады. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы редакциялық саясатқа тұрақты әсер ету фактілері аз болды – 6-ға қарсы 9.

Алайда, бұл тек журналистер немесе құқық қорғаушылар ақпарат алаңына әкелген фактілер екенін атап өткен жөн. "Жазбау", "сайттан өшіру", "бейнежазбаны жою" деген тағы қанша қоңыраулар мен хаттар редакциялар ішінде жабулы күйінде қалған болуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында интрузивті ұсыныстар мен "кеңес" беру жағдайлары өткен жылғы 12 айдың көрсеткішінен асып түсті. 

"Әділ сөз" қоры мамандарының айтуынша, қазірдің өзінде мұндай 7 оқиға тіркелген. 

Фото: ranking.kz

БАҚ өкілдеріне қатысты заңбұзушылықтардың көрсеткішін аз етіп көрсеткенімен, Қазақстанда цензураға қатысты жағдай ушығып кетті. Өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылы Қазақстан 134-орыннан 142-орынға жылжып кетті. Қазір сөз бостандығы жағынан Қазақстан Эфиопия мен Ливия арасында тұр. Қазақстандағы RSF индексі қазір 41,11 (максималды 100-ден) көрсеткішке түсіп, сөз бостандығы жағдайы күрделі деңгейге жетті.

Орталық Азияның басқа елдеріндегі БАҚ цензурасының жағдайын сипаттауға болады. БАҚ еркіндігі бойынша Қырғызстан Орталық Азияның бес мемлекетінің арасында жоғары орынға ие. Биыл аталған ел 120-шы орында. Ең нашар жағдай Түркіменстанда, бұл ел 180 елдің ішінде 175-ші орында.

Журналистикасы ең еркін бес елдің қатарына Еуропаның дамыған елдері Норвегия, Дания, Швеция, Нидерланды, Финляндия кіреді. Онда RSF индекстері айтарлықтай жоғары – 86, 55-тен 91, 89 баллға дейін.

Фото: ranking.kz

Талқылау