Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банк ЦентрКредиттің Алматы және Жетісу облыстарындағы филиал жетекшісі: Тұрғындар біздің банктен депозит ашуды жақындарына ұсынады

Биыл еліміздегі ірі қаржы ұйымдарының бірі Банк ЦентрКредиттің құрылғанына 35 жыл толады. Былтыр банк нарықтағы үздік үштіктің қатарына енген. Бұл нәтижеге жергілікті бөлімшелер жұмысы қалай әсер етті? Өңір тұрғындары банкке қаншалықты сенім білдіреді? Шағын және орта бизнестің дамуына ұйымның қосқан үлесі қандай? Бұл сұрақтарға Банк ЦентрКредиттің Алматы облысындағы және Жетісу облысындағы филиалының директоры Манат Байғонусова жауап берді.

- Манат Қалиқанқызы, уақыт бөлгеніңіз үшін көп рахмет! Ең алдымен өзіңізбен танысып алсақ. Сіздің қаржы саласындағы қызметіңіз қалай және неден басталды? Банк ЦентрКредиттегі мансабыңыз туралы айтып берсеңіз. Мұндай деңгейдегі банкті басқару қиын емес пе?

- Қайырлы күн! Қазіргі уақытта мен Банк ЦентрКредиттің Алматы облысы мен Жетісу облысы филиалдарының директоры болып жұмыс істеймін. Еңбек жолын 2002 жылы университетті бітіргеннен кейін  Банк ЦентрКредиттің Өскемен қаласындағы филиалында менеджердің ассистенті болып бастадым. 20 жыл ішінде менеджердің көмекшісінен филиал директорына дейін жұмыс істедім. Менің  басқа қызметкерлерден ерекшелігім -  тоқтаусыз және сапалы жұмыс істей білуімде. Дәл осы дағды мені жетістікке жетеледі!

Басшы болу, әрине, оңай емес. Менің барлық іс-әрекетім командамды ынталандыратынына және қажетті нәтижеге әкелетініне әрі бұл  көшбасшылық қасиеттердің көрінісі екеніне сенімдімін.

- Сіз бұл қызметке келгеннен бері банкте қандай өзгерістер болды?

- Мен 3 жылдан астам уақыт бойы облыстық филиалды басқарып келемін, осы уақыт ішінде болған өзгерістер аз емес. Covid-19 Дүниежүзілік пандемиясы кезінде біздің банк өте жақсы нәтиже көрсетті. Пандемиядан зардап шеккен облыстағы шағын және орта бизнесті қолдау бойынша орасан жұмыс атқарылды. Банк ЦентрКредит Қазақстандағы ЕДБ арасында активтер бойынша 3-банк болды.

Өткен жылы мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, Алматы облысы екіге бөлініп, Қонаев қаласы Алматы облысының және Талдықорған қаласы Жетісу облысының орталығы болды. Біз бұл өзгерістерге жедел бейімделіп, өзіміз үшін және сүйікті клиенттеріміз үшін аймақты бөлу процесі тез аяқталды.

- Сіздің бөлімшенің 2022 жылғы қандай жетістіктеріне тоқталсақ. Бүгінгі таңдағы көрсеткіштер қандай, қаржы нарығы қалай өзгеруде? Банк ЦентрКредиттің өңірдегі 2022 жылғы рейтингі қандай?

- 2023 жылы Қазақстан Республикасының ірі жалпыұлттық банктерінің бірі болып келген біздің банктің құрылғанына 35 жыл болады. Жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктердің ішінде біз нарықтық экономикаға көшудің барлық қиындықтарын бастан өткеріп, 34 жыл бойы тұрақты, сенімді және табысты болып келе жатқан санаулы банктердің біріміз. Біз тамаша нәтижеге қолжеткізе алдық, бірақ соған қарамастан біз әлі де сапарымыздың соңына жетпедік. 2022 жыл біздің банк үшін ерекше болды, өйткені ол маңызды оқиғаларға толы. Олардың ең бастысы - ресейлік Альфа-Банктің Қазақстандағы өкілдігінің 100% акциясын қысқа мерзімде сатып алу. Бүгінгі таңда екі банктің бірігу процесі аяқталып, бұл нарықтағы тұрақты позицияларды нығайтуға көмектесті. Біз екі команданы біріктіреміз және тұтынушыларымыздың тәжірибесін жақсарту үшін ең тиімді, ыңғайлы өнімдер мен қызметтерді жасақтап, бір команда құрамыз.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында банктің меншікті активтері 2021 жылмен салыстырғанда 50%-ға өсіп, 3,1 трлн теңгені құрады. Бүгінгі таңда Банк ЦентрКредит Қазақстандағы активтер көлемі бойынша үшінші орында.

Банктің рейтингі де өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. 2022 жылғы шілдеде бизнес позицияның жақсаруына және капитал қорының ұлғаюына байланысты S&P Global Ratings халықаралық агенттігі банктің кредиттік рейтингін "В/В"-дан "В+/В"-ға дейін ұлғайтты.

Айта кету керек, биыл Банк ЦентрКредит жеке тұлғалардың депозиттерінің өсуі бойынша ТОП-3-ке кіреді.

Алматы облысындағы филиалымыз туралы айтатын болсақ, біздің Өтеген батыр, Қонаев, Қаскелең, Талғар, Есік қалаларында өкілдіктеріміз бар. Жетісу облысы бойынша Талдықорған, Текелі және Жаркент қалаларында 3 бөлімше бар.

Біздің филиал үшін биылғы жылдың басты жаңалығы – 2022 жылғы желтоқсанда Есік қаласында 10-бөлімшенің ашылуы.

Жалпы, банкте көптеген қызықты және танымал өнімдер бар. Мысалы, #картакарта – барлық мағынада ең жақсы карта, 3 қызметті ұсынады: ол дебеттік және несиелік. Сондай-ақ біздің серіктестер желісіндегі несиелік лимит есебінен 12 айға дейін пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Карта иесі барлық ЕДБ POS-терминалдарында төлеуге және акцияға байланысты ай сайын сүйікті санаттарын таңдап, жоғары кэшбэктер алады.

Біз "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша нарықта көшбасшымыз. Қазақстанда берілген әрбір екінші ипотека Банк ЦентрКредит арқылы рәсімделді. Біздің жеке ипотекалық бағдарламамыз клиенттер үшін түсінікті және тиімді шарттарды ұсынады. Бастапқы жарнаны 15 минутта мақұлдауға болады және құжаттарды бір күн ішінде рәсімдейсіз.

Бүгінде Банк ЦентрКредит еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Бизнеспен табысты жұмыс істеудің арқасында біз тұрақты және сенімді серіктес ретінде беделге ие бола алдық.

Қазіргі уақытта БЦК "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" іске асыратын кәсіпкерлерді қолдаудың барлық мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысады. Біздің облыс кәсіпкерлерінің арасында "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде шағын және орта бизнесті кредиттеу ерекше танымал. Инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға кепілсіз, жылдық 6%-бен кредит алуға мүмкіндігі бар. 2022 жылы осы бағдарлама аясында Жетісу облысында 622 млн теңгеге 71 несие берілді. Біз әрбір клиентті жеке қарастыруға және бизнесті дамытуға көмектесуге дайынбыз.

Заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуден басқа, біздің банк #business шотына карта шығарады. Ол қазақстандық кәсіпкерлерге 24/7 шоттарға қолжеткізуді ұсына отырып, тәуелсіз болуға және өз бизнесін еркін дамытуға мүмкіндік береді. Карта бухгалтерлік есеп процесін едәуір жеңілдетеді. Енді есеп беру үшін ақша төлеудің қажеті жоқ, барлық операциялар шот-фактурада көрсетіледі. Тұтастай алғанда, біздің банктегі ШОБ клиенттері үшін өнім желісінің өте үлкен таңдауы бар.

- Талдықорғандықтардың қаржылық қызығушылықтары туралы сөйлессек. Банктің қандай қызметтері ең көп сұранысқа ие? Банк осы аймақтың халқы үшін қандай тиімді ұсыныстар жасай алады?

- Талдықорған тұрғындары 30 жыл бойы біздің банктің жеке тұлғалар депозиттеріне үлкен қызығушылық танытып келеді. Мұнда "бос сөз" емес нақты жұмыс істеп тұрғанын атап өту маңызды. Клиенттеріміз біздің банктен депозит ашуды өз достарына, туыстарына және серіктестеріне қуана ұсынады. Қазір біздің FX платформа өнімі айтарлықтай танымалдыққа ие болуда, халық қаржылық сауатты бола бастады. Биржалық бағамдар бойынша валютаны сатып алу мен сату операцияларын bcc.kz, яғни біздің қосымшамызда, қуана қолданады. Бүгінгі таңда біздің банктің өңірдегі тиімді ұсынысы жеке тұлғаларға кепілді несие беру деп санаймын. Біз кірістерді растаумен де, растаусыз да жылжымайтын мүлік кепілімен несие беретін көптеген банктердің бірі емеспіз. 

- Өңірде кәсіпкерліктің қандай түрлері танымал? Заңды тұлғалар үшін қандай өнімдерді ұсына аласыз?

- Біздің өңір аграрлық аймақ болғанына қарамастан банк клиенттері арасында аграрлық сектордың өкілдері де, өндірушілер, қайта өңдеу, өңдеу компаниялары да бар. Заңды тұлғалар мен өңірдегі жеке кәсіпкерлермен шаруа қожалықтары үшін біз банк қызметтерінің толық спектрін ұсынамыз. Сыртқы экономикалық қызметтен бастап ЖШС және ЖК үшін кепілсіз несиеге дейін.

Біз Еуропалық қайта құру және даму банкі бағдарламаларының белсенді қатысушысымыз. Бұл банктің халықаралық беделге ие болуына, әлемдегі және республикадағы жағдайға қарамастан өз клиенттері мен серіктестеріне адал болып қалатынын тағы да дәлелдейтінін көрсетеді.

- Өңірде кәсіпкерлік саласы қалай дамуда? Банк ШОБ-ты қолдау үшін қандай мүмкіндіктер ұсынады?

- Даму қорының "2021-2025 ж.ж. арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, банк туған өлкені дамыту және жұмыс орындарын ұлғайту бастамасымен өңір кәсіпкерлерін белсенді қолдайды. 2023 жылы банк өзінің жұмыс істеп тұрған және әлеуетті клиенттеріне ЖК, ЖШС және ШҚ үшін (қалаларда, өңірлерде 7-8%-бен) екінші бағыт шеңберінде айналым қаражатын/ инвестициялық мақсаттарды толықтыру үшін субсидиялау және кепілдік бере отырып, кепілді кредиттерді ұсынады.

Сондай-ақ, банк бизнес өкілдерімен тұрақты негізде Жетісу облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және аудандардағы квазимемлекеттік сектор (Атамекен, Даму, ЕҚДБ, ЖАО) бизнес өкілдерімен өзекті мәселелерді талқылау және оларды одан әрі шешу үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

- Облыста қандай бизнес түрі дамымаған? БЦК оларға дамуға қолдау көрсете ала ма?

- Жетісу облысында ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу тиісті деңгейде дамымаған. Облыстағы ауыл халқының үштен бірі аграрлық секторда жұмыс істейді. БЦК Алакөл ауданында қант қызылшасын өсірумен айналысатын аграрийлерден бастап Панфилов ауданының жүгері алқаптарына дейін өзінің кепіл саясатын кеңейтеді.

Жетісу Қазақстанның інжу-маржаны деп бекер айтылмаған, менің ойымша, біздің өңірдің туристік хабын дамыту керек. Бізде Алакөл көлі, Балқаш көлі, Бурхан бұлақ сарқырамасы, Жаркент маңындағы бархандар сияқты тамаша орындар бар. ШОБ-тің осы сегментін дамыту үшін БЦК аграрлық секторды, туризмді дамыту және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін кәсіпкерлерді толық қолдауға дайын.

- Банк қаланың қоғамдық және әлеуметтік өміріне қатыса ма?  Қандай жобалар туралы айта аласыз?

- Банк GEFF Жасыл экономика бағдарламаларының қатысушысы, яғни баламалы энергия көзіне несие береді. ЕҚДБ кредиттік желісі бойынша БЦК қазақстандық бизнес үшін "жасыл" қаржыландыруды ұсынады. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша 5,6 млрд теңгеден астам қаражат берілді. Қазақстандық кәсіпкерлер электромобильдер сатып алып, жел электр станцияларын салуда. Сонымен қатар, қолайлы шарттар бойынша көптеген басқа бағыт бар.

Банк қызметкерлері қаладағы сенбіліктерге тұрақты қатысады, 2021 жылы біз Текелі қаласында шырша аллеясын отырғыздық. Талдықорған, Текелі қаласының зейнеткерлері үшін ай сайын ашық есік күндерін өткіземіз: зейнеткерлерді банкте бір кесе шәй ішіп, әңгіме дүкен құруға шақырамыз. Облыс мектептерінде Junior Bank бағдарламасы аясында бір жыл бойы балаларға қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізілді. Жаркент қаласында Ә. Қастеевтің муралын салуға демеушілік жасадық. Ай сайын мен Талдықорған қаласындағы Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы кәсіпкерлерінің кездесулеріне қатысамын, онда қаланың әлеуметтік өміріне қатысу бойынша шешімдер талқыланады және қабылданады. Мысалы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, қайырымдылық, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау. 2022 жылдың соңында банк облыстағы Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы ұйымдастырған Жетісу облысындағы кәсіпкерлердің бірінші "Бақ-береке" балының бас демеушісі болды.

- Сіздің сұхбатыңызды оқығаннан кейін банктегі жұмысқа деген қызығушылық артуы мүмкін. Банкте жұмыс істеудің қандай артықшылықтары бар? 

- БЦК бренді өзін табысты жұмыс беруші ретінде көрсетіп келеді. Бізде бәсекеге қабілетті жалақы, корпоративтік құндылықтар, мансаптық өсу мүмкіндігі және жұмыс кестесін сақтау, бір сөзбен айтқанда, қолайлы еңбек жағдайлары жасалған.

- Компания қандай құндылықтарды насихаттайды және қандай корпоративтік мәдениетті ұстанады?

- Миссиямыз мынандай: “Ұзақ мерзімді серіктестік құрып, тұтынушыларымызға қамқорлық жасай отыра, ақылды және жылдам шешімдерді ұсынамыз”.

Сондай-ақ "Өз ісің жөніндегі терең білім, міндеттерді уақтылы және сапалы орындау, білім мен дағдыларды үнемі жетілдіру" деген ұстанымымыз бар.

Біздің мақсаттарымыз ортақ. Мақсаты ортақ топта жұмыс істеу бірегей нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік береді. Біздің күшіміз бірлікте, демек ең жоғары мақсаттарға қолжеткізе аламыз.

Талқылау