Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі жаңа карталар желісін шығаруды бастады

ЦентрКредит Банкі мен Visa халықаралық төлем жүйесі ұсынған бірінші монохром кредит картасының жаңа дизайны, жеке өнімге берілген #картакарта атауы және оны ұстаушылар үшін көптеген артықшылықтары бар.

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Visa жаһандық төлем технологиялары компаниясымен бірге #картакарта атауы берілген жаңа кредит картасын шығаруды бастағанын хабарлайды. Жаңа өнім әмбебап карта болып табылады, онда жеке қаражатты да, кредит қаражатын да пайдалану, сондай-ақ пайызсыз бөліп төлеу және әртүрлі кэшбэк алу мүмкіндіктері бар. #картакарта картасына тапсырыс берген алғашқы клиенттер үшін картаны шығару және жылдық қызмет көрсету – тегін!

#картакарта картасын ұстаушыларға келесі мүмкіндіктер ұсынылады:

  • 3 000 000 теңгеге дейін кредиттік лимит;
  • 55 күнге дейін жеңілдікті кезең;
  • 12 айға дейін пайызсыз бөліп төлеу;
  • жасаған сауда үшін картамен төлем жасаған кезде 30% дейін кэшбэк:
  • +1% – барлық жеке сатып алулар үшін; 
  • +1% – «Рақмет» немесе «Рақмет+» депозиті және онда 1 млн теңгеден басталатын сома болған кезде;
  • 10% дейін – сүйікті санаттарда;
  • 30% дейін – серіктестерде.

«Біз 2020 жылды бірінші монохром кредит картасын іске қосудан бастаймыз. Бұл – қарапайым өнімдердің жаңа карталық желісін құрудың бастамасы. Жақын уақытта ЦКБ-нің карталары монохромға өзгереді» - дейді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. - Қолыңда қомақты кредиттік лимиті мен тауар/қызмет ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі бар құралдың болуы – бұл ыңғайлы әрі тиімді! 

Бөліп төлеу мүмкіндігін StarBanking мобильді қосымшасында 24/7 режимінде бақылауға болады. Бұл ретте біздің клиенттер әр айда сауда бойынша жоғары кэшбэк берілетін жаңа ұсыныстар алады және өздерінің қажеттіліктері мен жоспарларын ескере отырып, сүйікті санаттарды таңдай алады. ЦКБ-нің жаңа өнімдері – бұл біздің клиенттеріміздің қажеттіліктеріне қарай біздің жасаған қадамымыз. #картакарта картасын ұстаушыларды қызықты қызметтер мен жаңа кэшбэктер күтуде. Ал #картакарта серіктестерінің тізімі тұрақты түрде көбейіп отырады». 

Атап өтетін маңызды жайт: жаңа картаны барлық клиенттер аша алады, тіпті бастапқыда нөлдік кредиттік лимит белгілеуге де болады. Картаны жеке қаражатпен толықтыра және 30% дейін тамаша кэшбэк жинай отырып, лимитті кейін алу мүмкіндігі қарастырылған. 

#картакарта картасын ресімдеу бойынша консультация алу үшін Банктің call-орталығына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады:
+7 (727) 244 30 30
505 – мобильді телефоннан тегін. 

#картакарта картасына сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады: https://www.bcc.kz/kartakarta/
 

Талқылау