Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі Visa ХТЖ-мен бірге саяхатшыларға арналған жаңа премиум санатындағы #TravelCard картасын шығарды!

#TravelCard – бұл Қазақстандағы бірегей талаптар ұсынатын алғашқы және бірден-бір карта: саяхат кезінде жасаған кез келген сауда үшін 7% кэшбэк, $750 000 дейін сақтандыру, тәулік бойы қызмет ететін консьерж-сервис, сондай-ақ көптеген басқа да тиімді толықтырулар. 

бцк

«Біз Қазақстанда ең алғашқылардың бірі болып дүние жүзі бойынша «travel» санатында жасаған сауда үшін осындай 7%-ды құрайтын үлкен кэшбэкті ұсынып отырмыз. Поезбен немесе автомен жол жүру, әуе билеттерін сатып алу немесе қонақүйлерді брондау және т.б., осының барлығы Сіздерге саяхат санатында жасаған барлық саудадан 7% кэшбэк алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар #TravelCard картасын ұстаушыларға қонақүйлерге, демалыс орындарына, автомобильдерді жалға алуға да жеңілдіктер ұсынылады. Нәтижесінде клиент жеңілдікті де, 7% кэшбэкті де алады. Бұл премиум санатындағы пластиктің ауқымына енгізуге мүмкін болғанның жартысы ғана», – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарушы директоры Павел Кравченко.

Шетелдік төлқұжаттың мұқабасына ұқсас тактильді әсер беретін монохромды стильдегі картаның бірегей дизайнын ерекше атап өтпеске болмайды. Картаны қолмен ұстағанда алатын әсердің тартымдылығы соншалықты, оны қолдан жібергің келмейді. Премиум пластиктің ашық көгілдір түсі – бұл таза аспанның, шетсіз-шексіз теңіздің, еркіндіктің, сондай-ақ қайда болсаңыз да, туған ошақ отының жылуын беретін туымыздың да түсі. 

«Енді кез келген саяхат үшін бастысы тек төлқұжат бен #TravelCard картасын алу. Ал ол қалғанының барлығын өзіне алады: заң мәселелерінің және денсаулық мәселелерінің шешімін табу, сақтандыру бойынша тәулік бойы көрсетілетін көмек, - деп жалғастырады Павел Кравченко, - Қазіргі күні біз нарықтағы ең үлкен кэшбэкті ұсынып отырмыз, яғни осы сәтте бұл бірден-бір үздік карта. Бұл карта бойынша саяхат санатында жасаған барлық саудаңыз үшін Сізге жұмсаған ақшаңыздың 7% қайтады. Аталған картаның тағы да бір артықшылығы бар! Біздің кэшбэктер саяхатшылар қолданатын басқа карталар бойынша ұсынылатын бонустармен де және жеңілдіктермен де тамаша үйлесім табады! Мәселен, қонақүйлерді брондау бойынша дисконтыңыз болса немесе miles картаңыз болса, онда осы жеңілдіктер, оған қоса Travel-картамыз бойынша кэшбэктер Сізге үлкен пайда әкеледі. Ал жинақталған кэшбэкті келесі саяхатқа, мысалы, билеттер сатып алуға жұмсауға болады». 

#TravelCard картасында алаңсыз трипқа шығу үшін қажеттінің барлығы бар: халықаралық әуежайларда орналасқан премиум санатындағы Lounge Key бизнес залдарына тез әрі тегін өту, қонақүйлерде ұсынылатын бірегей қызметті пайдалану, сонымен қатар билеттер мен қонақүйлерді, мейрамханаларды брондау, машинаны жалға алу, кез келген іс-шараларға билеттер сатып алу, сапарыңызды жоспарлау мәселелерінің шешімін табуға, сонымен қатар басқа да көптеген мәселелер бойынша әлемнің кез келген жерінен тәулік бойы кеңес беруге дайын консьерж-сервис. Айтылғандарға қоса, картаның мүмкіндігіне дүние жүзі бойынша комиссиясыз тегін ақша аудару және банкоматтардан қолма-қол ақша алу қосылған. СМС-хабарламалар қызметі әлбетте сыйға тартылады. Сондай-ақ Apple/Samsung Pay қосымшалары арқылы контактісіз төлем жасау мүмкіндігі ұсынылады.

«Карантин шаралары босаңсып жатыр, ал біз бұрынғы қалыпты өмірімізге оралуға бет алдық. Бүгінгі күні дүние жүзінің көптеген елдеріне рейстер ашық. Осыған орай қазір саяхатқа арналған картаны шығару үшін ең тиімді кез. Сондай-ақ Қазақстан ішіндегі туризм де ең тіс қаққан саяхатшыны да таңғалдыра алады, – деп сенеді Басқарушы директор Павел Кравченко, – Біз өз клиенттеріміздің жолында сенімді көмекшінің болуын қалаймыз, сол себепті де оның бірегей болуы үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасап бақтық». 

#TravelCard картасына https://www.bcc.kz/travelcard/5 сілтемесі бойынша банктің сайтында тапсырыс беруге болады.

Өнімдер желісі бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
505 жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).

Талқылау