Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі карта өнімдерін тегін жеткізу сервисін іске қосты

ЦентрКредит Банкі карта өнімдерін тегін жеткізу сервисін іске қосты. Біз жеткізе бастаған бірінші карта – әлеуметтік және өзге төлемдерге арналған #baribir картасы. Енді әлеуметтік картаны алу үшін бөлімшеге келудің қажеті жоқ, курьер картаны сізге ыңғайлы уақытта және орынға апарып береді.

БЦК

«#baribir әлеуметтік картасы – бұл қазіргі оңай емес жағдайда ҚР азаматтарының негізгі қажеттіліктеріне жауап беретін өнім, - деп пікір білдірді Банктің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов, - Біз еліміздің азаматтары үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етуге тырысудамыз, осы орайда оқшаулану шараларын сақтау үшін оларға барлық жайдайды жасап жатырмыз».

«ЦентрКредит Банкінің #baribir атты әлеуметтік картасы клиенттерге өз қауіпсіздігіне алаңдамай-ақ, ақшалай төлемдер мен жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді. Барынша жайлылықты сезіне отырып, сіз әлеуметтік картаны үйіңізден шықпай-ақ тегін рәсімдеп, жеткізу қызметіне тапсырыс бере аласыз, - дейді Банктің Басқарушы директоры Павел Кравченко, - Картаға тапсырыс беру өте оңай, банктің сайтына bcc.kz/socialcard сілтемесі бойынша өтіңіз және «жеткізу» опциясын таңдаңыз».

#baribir картасымен бәрі тегін:

• шығару және смс-хабарландыру;

• басқа банктің карталарына айына 200 мың теңгеге дейін ақша аудару;

• дүние жүзі бойынша кез келген банкоматтан айына 1 млн теңгеге дейін қолма-қол ақша алу.

Қызмет еліміздегі банктің өкілдігі бар 19 қалада қолжетімді: Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Түркістан облысы, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Қостанай, Тараз, Көкшетау, Жезқазған, Павлодар, Петропавл.

Келесі кезеңмен Банк қолданыстағы барлық карталарды жеткізуді іске қосуды жоспарлауда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр