Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі Covid-19 пандемиясынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына 100 000 000 теңге аударды

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына 100 000 000 теңге аударғандығы туралы хабарлайды.

Ақша қаражаты коронавирустен зардап шеккендерді қолдауға жөнелтіледі. 

«Қазір біз өзгерген әлемде өмір сүріп келеміз, осы ретте өміріміздегі қалыпты жағдайлар Covid-19 вирусының таралуына байланысты өзгеріске ұшырады, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Осындай қиын сәтте азаматтарымыз бен елімізге көмек беру, оларға қолдау көрсету сияқты халқымыздың қанына сіңген қасиет қана өзгеріссіз қалып отыр.

ЦентрКредит Банкі бұрыннан келе жатқан қазақстандық қаржы институты ретінде мұқтаж жандарды әрдайым қолдап келген және қазіргі таңда да оларға қолдау көрсетеді. Осыған орай біз бүгінгі күні «Birgemiz» қорына меншікті қаражатымыздан 100 000 000 теңгені аударғанымыз туралы хабарлаймыз. Қазақстанның екінші деңгейдегі басқа банктері де осындай игі іске өз үлесін қосатынына кәміл сенеміз. Өйткені осы індетті біз тек бірге жеңіп, қалыпты өмірімізге орала аламыз. Biz Birgemiz!»
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр